Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік қызметшілерге кез-келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады.

Мемлекеттік қызметшілерге кез-келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады.

Түркістан облысы бойынша барлық нысандардағы санитарлық талаптың сақталуын қоғамдық бақылау мүшелерінен құрылған арнайы мониторингтік топ бақылайды.

Түркістанда қаладағы эпидемиологиялық жағдайға қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында арнайы рейд шаралары ұйымдастырылуда.

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге айппұл салынды.Бұл туралы Шымкент Ақпараттық коммуникациялық орталық хабарлайды.

Бүгін Шымкент қалалық сотының ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан Сайрам ауылының жанындағы Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қабылданған «МӘРТӨБЕ тарихи кешенінде» «Келер ұрпаққа жолдау» жазылған капсуланы салу шарасы өтті.

2020 жылдың қыркүйек айының 21-27 аралығында осы мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 4 мың 321 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды.

Полиция — мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Полиция — әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болуы қажет,-деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция-генерал майоры Е.Жұмаханбетовтің қатысуымен брифинг өтті.
Баспасөз мәжілісінде Ералы Мұсаәліұлы қаладағы карантин талаптарының сақталуы және құқық бұзу фактілерінің алдын алу бойынша сөз қозғады.
– Елімізде карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкент қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 513 құқық бұзушылық дерегі болған. Оның ішінде 351-ін мобильді топ өкілдері анықтаған, – деді Е.Жұмаханбетов.
Оның айтуынша, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарын ескермей, бұрынғы қалыпты кестемен жұмыс істеп жатқандықтары белгілі болған. Атап айтсақ, ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша 91, шаштараз, массаж, монша, сауна, әсемдік салондар бойынша 20, сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша 142, ал басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) карантиндік тәртіпті бұзған 98 жайт анықталған.
Ералы Мұсаәліұлының сөзіне сүйенсек, қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде 162 құқық бұзушылық болған. Мұндағы жинақталған іс-құжаттар Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған.
Айта кетейік, қалада карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлімімен 407 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 27 миллион 2160 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат