Созақ: Діни әдебиеттерді тарату жайы айтылды

Созақ аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жиын өтті. Оған жеке құрам қызметкерлері мен Түркістан облысының дін істер басқармасының «Дін мәселелерін қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.  Жиында полицейлерге «Дін саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері» тақырыбында дәріс өткізілді. Онда діни кітаптарды және діни мақсаттағы басқа да заттарды тарату секілді мәселелер қозғалды. Жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай шаралардың маңызы зор. Сондықтан, алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын айта кетті.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Созақ: Жиын жемқорлықтың алдын алуға арналды

Созақ ауданының Құрметті азаматы, сайлау комиссиясының төраға орынбасары Мыңжасар Асқаров аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде жемқорлықтың қоғамға аса қауіпті қылмыстық іс-әрекет екені айтылды. Шараның мақсаты – жемқорлықты болдырмау, алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Яғни, жиында тәртіп сақшыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізді. Заң талабы аясында парақорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуі айтылды. Кездесуге келгендер тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, сыбайлас-жемқорлықтың алдын ала бойынша атқарылған жұмыстардың барысы сараланды. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер қойылды.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Арыс: Кеурек дәрілік шөбін қазған 23 шетелдік анықталды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон желілерінің алдын-алу және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында қарқынды қызмет етіп келеді. Сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуде күнделікті жұмыстар жүргізуде. 

Айталық, Арыс ауданының тәртіп сақшылары далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары дәрілік «кеурек» (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23-Өзбекстан азаматын анықтады. Олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген жерлерінен ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тек орын алған құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысының полицейлері бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Арыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлық – қарапайым тілмен айтқанда қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара беру және алу. Онымен күресу барша тұлғаның міндеті. Осындай қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында Арыс аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жеке құрам қызметкерлеріне кең көлемде жиын өтті. Яғни Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкері полиция майоры Мақсат Қарабаев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Гаппаров полицейлермен кездесті. Шараның мақсаты - жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында жеке құрам қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Яғни Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітіліп қолданысқа енгізілгенін полиция қызметкерлеріне таныстырып, баяндама оқылды. Кездесу барысында жиынға қатысқандар өздерінің ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен бұған қарсы атқарылатын жұмыстар талқыға түсті. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер қойылды.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Есірткі саудасымен күрес күніне арналған айлық басталды

Облыста 1 ай бойы "Есірткісіз болашақ" тақырыбында іс-шаралар өткізіледі.

1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының кезекті ассамблеясында 26 маусым - «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілді. Сол уақыттан бері қоғам дертіне айналған есірткімен күрес әлемде тұрақты түрде жүргізілуде. Осы атаулы датаға орай Түркістан облысы әкімдігінің ғимаратында келелі кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен полиция қызметкерлері, онлайн режимде ҚР Білім-ғылым министрі, Үкімет үйі, ҚР Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, бұқаралық ақпарат құралдарының мамандары, сонымен қатар Республикамыздың әр өңірінен жауапты мамандар қатысты.

Шараның мақсаты – жастар арасындағы нашақорлықпен күрес, келешек ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Тиісті орган қызметкерлерінің басы қосылған жиында есірткімен күрес жолындағы нақты қадамдар жайлы баяндамалар жасалды. Әсіресе «ғасыр дертінің» ғаламтор арқылы жарнамаланып, сатылуы, яғни таралуын болдырмау мақсатында нақты жұмыстар талқыланды. 

Атап өтсек, жалпы облыста өткен жылы есірткімен күрес аясында 2025 профилактикалық іс-шара жүргізілген. Оның ішінде 118 акция, 134 семинар, 1132 лекция, 290 кездесу, 103 конкурс. 

Ал полиция полковнигі Қ. Сахов өз сөзінде: "Жалпы қылмыскерлерді құрықтап, есірткіні жою біздің күнделікті күн тәртібімізде, назардан тыс қалмайды. Сол себепті есірткімен күресте жұмыла жұмыс атқарайық!"-деп атап өтті.

Соңында жиналғандар: "Нашақорлықпен күрес жолында осы уақыт аралығында түрлі кездесу, жиындар, акциялар жүргізіледі. Жалпы бұл - әрбір тұлғаның міндеті. Бірлік бар жерде тірлік бар. Бәріміз бірге қоғам болып ат салысайық. Дені сау ұлтты қалыптастыру- баршамыздың қоғам алдындағы міндетіміз!» - алдағы жоспарларды нақтылап тарқасты. 

Түркістан облысы ПД баспасөз 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШАРДАРА: ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының үйлестіруімен Шардара қаласында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қарсы құзырлы органдармен рейдтік іс-шара өткізілді.

Арнайы рейдтік іс-шара «Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол-көлік оқиғаларын алдын алу туралы» Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті. Шара нәтижесінде 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

"Aq-qara.kz"- ақпарат

Созақ: 5 айда 10 дана қару өткізілді

2022 жылдың 5 айындааудантұрғындарыөзеріктеріменСозақаудандықполициябөліміне 10 данаатысқаруларынөткізген.

Сондай-ақ, Созақауданыполициябөлімініңқызметкерлеріменқоғамдыққауіпсіздіктіқамтамасызету, атысқаруыменжарылғышзаттардықолданаотырыпжасалғанқылмыстарменқұқықбұзушылықтардыңалдыналубойыншаатқарылғанжұмыстарыныңнәтижесіндезаңсызайналымдағыоттыатысқарулардызаңсызсақтап, пайдалыныпжүргенқұқықбұзушыларданбарлығы 8 данаәртүрліқаруларменоныңпатрондарытәркіленіп, қылмыстықжәнеәкімшілікжауапкершіліккетартылған. Қазіргітаңдааталғанбағыттажұмыстарәлідежалғасынтабуда.

Құрметтіаудантұрғындарыегердеішкіістероргандарындатіркелмеген, бұрыннанүйіңіздесақтаулытұрғанатысқаруларыменоныңпатрондары, жарылғышзаттарменқұрылғыларыболсаөзеріктеріңізбенөткізудісұраймыз.

Азаматтарөзеркіменқару-жарақзаттарынөткізгенжағдайда, олқылмыстықжәнеәкімшілікжауапкершіліккетартылмайтындығынескесаламыз.

Егердеқандайдабірақпаратыңызболсанемесетолықақпараталуүшін 102 (9102) сымтетігіненемесе 8 775 505 5566 ұялытелефонынахабарласуыңызғаболады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Полицейлер жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жаз маусымы басталса, жасөспірімдердің суға түсетіндері белгілі. Алайда олардың ішінде судағы қауіпсіздікті сақтамайтындары да кездесіп жатады. Осыған орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді. Шараның мақсаты жасөспірімдердің суға түсуге тыйым салынған аймақтарда келеңсіз оқиғалардың алдын алу болды. 

Шара барысында аудан тұрғындарына суға түсуге болмайтын аймақтарға балаларды жібермеу, оларды қадағалау керектігі айтылды. Тәртіп сақшылары ата-аналарға осындай құқық бұзушылық орын алған жағдайда әкімшілік шара көрілетіндігін ескертті. Сонымен қатар жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Сондықтан әрбіріміз үшін судағы қауіпсіздікті сақтау маңызды. Полиция қызметкерлері жасөпірімдерге ата-ананың қарауынсыз шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға болмайтындығын ескертеді. Сонымен қатар, жүзуді білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жібермеуге кеңес береді. Өзіңіздің және өзгенің өмірі үшін сақ болайық!

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат