Түркістан: Телефонын тартып алған

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша түнгі сағат 00:10 шамасында саябақта өзінің танысы ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 120 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті жергілікті тұрғын 1 тәулік ішінде ұсталды. Оны  тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді.  Анықталғандай, екі жігіт қаладағы саябақтардың ішінде ішімдік ішкен. Содан соң күдікті жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, біреуге хабарласатынын айтқан. Сол сәтте екеуі сөзге келіп қалып, күдікті жәбірленушіні соққыға жыққан. Содан «Самсунг 50» маркалы ұялы телефонын ашық түрде тартып алып, жәбірленушіге дене жарақатын салған. Жас жігіттен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың «ізін суытпай ашуға» толық мүмкіндік береді

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Кентауда алаяқтық жасаған әйел қамауға алынды

Кентау қалалық полиция басқармасына Түркістан қаласы мен Сауран ауданының тұрғындары арызданған. Олардың айтуынша, алыс танысы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қайтарымсыз берілетін 1 000 000 теңге алып беремін деп, әрқайсысынан 300 000 теңгеден алған. Арада 2 жылға жуық уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай, созбалаңдыққа салып жүрген. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 600 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар Кентау қаласының тұрғыны, жұмыссыз әйелді  анықтады. 

Тексеру барысында күдікті мұндай қадамға ақша қажет болуына байланысты барғанын айтты.  Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға жеке құжаттарыңыз бен банк карталарының шот нөмірін бермеңіздер. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз полицияға  хабарласыңыз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Облыс полицейлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жаз маусымында адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін, сақтамауының соңы орны толмас қайғы мен өкінішке әкеліп жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері арнайы жұмыстар атқарады.  Мәселен, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жасөспірімдерге арнайы судағы қауіпсіздік шаралары жайлы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға ата-аналарының қарауынсыз, рұқсат берілмеген аумақтарға бармау, суға ұзақ шомылмау, қоршау белгілерінен алыстамау, суда жүзе алмайтындар үшін арнайы балондарсыз бармау айтылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері балалар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.  Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға сумен байланысты қайғылы жағдайларды болдырмау үшін, қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Облыс көшелерінде жол белгілері жаңаруда

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында, Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол инфрақұрылымы элементтерін жаңарту мен техникалық реттеу құралдарын қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда.

Мәселен полиция қызметкерлері мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандары бірлесіп, Түркістан қаласындағы жол-көше желісінің жағдайын тексерді. Нәтижесінде Абай, А.Үсенов, Ә.Қазақбаев, Б.Қалаби, Нұрмаханов, Әбубәкірқажы, Ыбырайұлы, Міркемелов және Сандыбай көшелеріндегі жол белгілерін және "жаяу жүргіншілер жолағын" салу бойынша іс-шаралар жүргізді.

Түркістан облысы ПД ӘПБ жол-техникалық инспекция бөлімінің инспекторы Жасдәурен Нұрғазиев: "Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Бүгінде облыс орталығындағы жолдардың ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері 120 көшенің жол белгілері жаңартылып, 210 шақырымға жол белгілері қойылып, 650 жаңа жол белгілері орнатылды. Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары осы жағдайды пайдалана отырып, Жол қозғалысы ережелерін және жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз. Жылдамдық режимі мен маневр ережелерін бұзбаңыз. Сақ болыңыз!"-деп атап өтті.

Ал Түркістан қаласының тұрғыны Рахмет Нұржігіт болса: «Мен Түркістан қаласының тұрғынымын. 20 жыл бойы біз Қалаби көшесінде тұрамыз. Біздің көшеде жол асфальтталды, жол белгілері қойылды. Полиция қызметкерлері мен әкімдікке атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамыз. Енді біздің жол жүргізушілер мен тұрғындар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы болды. Рахмет!» - деп өз алғысын білдірді.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Шардарада заңсыз балық аулау қылмысы анықталды

Түркістан облысында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында балық уылдырық шашатын кезеңге сәйкес, браконьерліктің жолын кесу мақсатында, «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға бағытталған. 2 ай бойы жүргізілген іс-шараның қорытындысымен облыс көлемінде заңсыз балық аулау бойынша 9 қылмыс тіркелген. 

Мысал келтірсек,  Шардара АПБ-нің табиғатты қорғау полиция тобының инспекторлары және Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары бірлескен рейдтік іс-шара жүргізді. Нәтижесінде кешкі сағат 18:40 шамасында Шардара су қоймасының №3 учаскесінде «Прогресс» қайығымен, қолдануға заңмен тыйым салынған құрал, яғни Қытай ау-торын пайдаланып,  заңсыз балық аулап жүрген Шардара қаласының екі тұрғыны анықталып, ұсталды.  Тұрғындардан айғақты зат ретінде 600 метрден астам қытай ау-торы, 1 дана қайық,  1 дана қайық моторы және 161 келіден  астам заңсыз ауланған балық алынды. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Жинақталған іс құжаттары қорытындысымен сотқа жолданды. 

Одан бөлек, балық аулау ережесін бұзу бойынша 182 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның 163-іне ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен айыппұл салынды. Ал заңмен тыйым салынған балық аулау құралдарын қолдану бойынша 19 дерек тіркелді.

Браконьерлерден айғақты зат ретінде 4 дана электр токкөбейткіш, 8 дана қайық, 2 дана «Ямаха-40» қайық моторы, 9 дана шанышқы (Острага), 11 жарық беру құралы (Фонарь), заңсыз ауланған 900 келіден астам балық және моно талшықтан жасалған 1500 метрден астам Қытай ау-торы алынды. 

«Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында облыс аумағындағы жергілікті тұрғындар арасында, табиғатты қорғау заңнамаларын бұзбау, бұзған жағдайда жауапкершіліктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлу заңмен қудаланатынын ескертеді.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Отырар: Жүргізушінің телефонын жымқырған

Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша «Opel vectra» маркалы автокөлігінде «Samsung A-11» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.  Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, ақпараттар жинақтады. Нәтижесінде күдіктінің жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды. Анықталғандай күдікті ер адам жүргізушінің көлігіне жолаушы болып мінеді. Көлігінің арты орындығында тұрған ұялы телефонға көзі түседі. Жүргізушінің байқамай тұрғанын пайдаланып, ұрлық қылмысын жүзеге асырған. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып жібермек болған. Алайда тәртіп сақшыларының тиянақты жұмысының арқасында күдікті дер кезінде құрықталды. Ер адамнан айғақты зат ретінде ұялы телефон алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Пайдакүнемдік мақсатпен бөтен мүлікті жасырын ұрлау  қылмыс болып саналады. Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза екенін естен шығармайық.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

БӘЙДІБЕКТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРНЕШЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 ақпанында бекіткен тұжырымдамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау мақсатында ауданымызға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, аталған департаментінің Превенция басқармасының аға офицері Гүлжамал Қансеитова, бас маманы Гүлмира Төлегенқызы арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан аумағындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен және үкіметтік емес ұйымдармен, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерімен, құқық қорғау органдары мен кіріс басқармасының қызметкерлерімен, әлеуметтік және санитарлық эпидемиологиялық басқармасының мамандарымен, кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен, аудан жастарымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді. Аталған кездесу жиындарына аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бақыт Омарбеков қатысты.

Сыбайлас жемқорлық бұл – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да,ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»заңы бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған.

Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялык қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Елбасымыз айтып өткендей, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін басты мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын ала болдырмау шараларын жүргізу.

Елбасының саясатын қолдай отырып, еліміздің экономикасын өркендету мақсатында біздер, яғни Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заң бұзушылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге ат салысу керек,- деді ол.  Агенттік өкілдері ағымдағы жылдың үш ай қорытындысымен орын алған қылмыстарға тоқталды. Әртүрлі саладағы туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық қағидаларын қалыптастыру мәселелері және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, оның алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде баяндама жасап, еркін форматта әңгіме өрбітті. Департаменттің арнайы дайындалған бейнеролигі көрсетілді. Сондай-ақ, жиналғандар:  заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғанын айтты.  Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа жол бергені үшін қызметтен қуылған адамдарға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымда болуға өмір бойы тыйым салынған. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылатынын және құқық қорғау органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етілетінін әрбір адам білуі қажет. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық орын алған жағдайды хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Елбасымыз халыққа арнаған сөздерінде жемқорлық індетінің тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтынын жиі айтып келеді. Жемқорлық белең алған жағдайда еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосыла алмайтыны белгілі. Мұндай әрекеттер экономикамыздың бәсең дамуына, әлеуметтік жағдайымыздың төмендей түсуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан, мемлекеттің барлық органдары мен лауазымды адамдары өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі тиіс деп тарқасты.

 

Төлебилік тұрғын 7 жыл көлік басқара алмайды

Төлеби ауданының полицейлері түнгі қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейдтік шара жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Оңтүстік ауылына баратын тас жолдың бойында түнгі сағат 02:45 шамасында «Тойота Карина» маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның Ақтау қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Полицейлер оның мас күйіне күмән келтіріп, оған медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысына сәйкес, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды. 

Тәртіп сақшылары жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп, аудандық сотқа жолдады. Төлеби аудандық сотының шешіміне сәйкес, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат