Түркістанда «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты –әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.

Аталған акция барысында әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының психолог маманы Алия Базарбайқызы,  Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Аселхан Божикенова қала аумағындағы «Жеңіс» саябағында ашық аспан астында мұғалімдер мен жасөспірімдердің қатысуымен флешмоб өткізді. Іс-шара барысында халықты ақпараттандыру үшін қоғамдық орындарда 400-ге жуық жаднамалар таратылды. Сонымен қатар зорлыққа тап болған әйелдерге өздерінің құқықтары қорғалатындығы туралы кеңес берілді. Полиция қызметкерлері бұндай шаралар әйелдердің құқығын қорғайтын ең маңызды кездесу екендігін айта кетті. Және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

.

 

Ордабасы: Дағдарыс орталығындағы аналардың жағдайын білді

Маусым айының 13 жұлдызынан бастап республика көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы іске асуда. Бұл акция - азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, халықтың бұқара тобын отбасында әйелдермен балаларға қатысты зорлық- зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысын жүзеге асыруға бағытталған.

Аталған  акция аясында  Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және "Әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу қызметі" сектор мамандары,  Ана мен Балаға арналған «КӨМЕК» дағдарыс орталығына арнайы барып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған аналармен кездесу өткізді. Кездесудің бастапқы мақсаты- консультативтік құқықтық кеңес, психологиялық  және әлеуметтік жағдайларын жақсарту болды. Жиынға қатысқандар ондағы өмірлері жайлы айтып, полиция қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.   Осы тұрғыда полиция қызметкерлері тұрғындарға,  жақын туыстарыңыз немесе өзіңіз зорлық-зомбылыққа ұшыраған болсаңыз, мемлекет тарапынан бірқатар көмек түрін ақысыз ала алатындықтарыңызды еске салады.

Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз, таныстарыңыз отбасылық зорлық-зомбылыққа душар болса, төменде көрсетілген нөмірлерге кез келген уақытта хабарласуларыңызға болады.

Тел: 102, 8-705-649-36-12, 8-747-711-73-20

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Түркістан: Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Отбасындағы жағдай баланың жарқын болашағына тікелей әсер етеді. Отбасы – бақытты балалықтың мекені.  Осы ұстаным әрбір жанұя мүшесінің басты қағидасына айналуы керек. Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.

Бүгінде елімізде зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдер мен балалар саны әлі де болсын азаймай тұр. Бұндай жағдайға тап болатын адамдар көбіне өздерінің құқығы мен  мүдделерімен айналысатын дағдарыс орталықтары барынан бейхабар.  Осы тұста Түркістан облысының полиция қызметкерлері әйелдерді қорғайтын заңнамалармен таныстырып, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ауқымды шара ұйымдастыруда. 

Мәселен, Түлкібас ауданы полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Гүлбану Есенқұлова, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының мамандары және дәрігерлермен орталық саябаққа келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық және заңгерлік кеңес беріп, жадынамалар тарқатты. Олар балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін зорлықтың алдын алуға  қатысты кеңестер берді. Сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының бар екені туралы атап өтті. Бұндай шаралардың жастар үшін де маңызы зор. Себебі, болашақта өздерінің құқығын қорғай алатын тұлға болып қалыптасады.  Шараға қатысқан тұрғындар полиция қызметкерлеріне өздерінің алғыстарын білдірді. Өздері білмейтін жаңа ақпаратпен таныстарғанына және психологиялық кеңеспен бөліскен мамандарға ризашылықтарын жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Қазұғұрт: Жиын жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауға арналды

Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстардың профилактикасы Түркістан облысы Полиция департаментінің басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Мадияр Алтынбеков және білім бөлімі, мектеп директорлары, оқушылар мен ата-аналардың қатысуында кең көлемде жиын өткізілді. Шараның мақсаты – қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және болдырмау. Жиынға қатысқандар әрбір оқушының сабаққа қатысуы, тәртібі теріс әрекеттерден аулақ болуы сөз етіліп, талқыланды. Сонымен қатар жиналғандар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар – бүгінгі жастар. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Сондықтан қазіргі жағдайда жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күрес жүргізу мәселесі жалпы мемлекеттік деңгейдегі міндеттердің бірі болып табылады.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Келесте келелі кездесу өтті

Келес ауданының полиция қызметкерлері әкімдік жанында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының хатшысы Ж.Махамбеталиева, аналар кеңесінің төрайымы Г.Сарсенова, полиция майоры Э.Есенкулова, полиция майоры С.Абдрахов, психолог С.Мұрат және де «Сәт» телеарнасының қызметкерлері қатысты.

Шараға жиналғандар зорлық-зомбылық бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға үнпарақтар таратылды.

 Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері бұндай шаралар аудан тұрғындары үшін берері мол. Себебі, әр азамат өзінің құқығын қорғай алуы керек. Және мемлекет тарапынан олар үшін жағдай жасалғандығын еске салады. Егер де, сіз, зорлық зомбылыққа тап болсаңыз, немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Облыс бойынша 700-ден астам адам кеңес алды

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бері елімізде ай сайын 2 күн қатарынан «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде. Десекте елде орын алған төтенше жағдай, коронавирус індеті жайлаған карантин кезінде акция тұрғындардың саулығы үшін тек онлайн форматта ұйымдастырылды. Ендігі кезекте, яғни бүгіннен бастап акция қайта жаңғырып, тұрғындарды «Азаматтарды қабылдау» кеңсесінде қарсы алуда.

Түркістан облысының полицейлері 17 маусым күні полиция басқарма, бөлімдерінің жанынан ашылған фронт-офистерде келушілерді қабылдап, полицияға қатысты сауалдарына жауап, құқықтық кеңес берді. Полиция департаментінің ресми парақшаларында тікелей эфирлер ұйымдастырылып, полицейлер желі қолданушыларымен байланыста болды. Жұртшылықпен Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев сұхбаттасып, акцияның тиімділігіне тоқталып өтті.

Жалпы облыс бойынша азаматтарды қабылдау кеңсесіне 700-ден астам тұрғын келіп, «Жолда қабылдау» акциясында белсенділік танытты.

Тұрғындардан жиі қойылған сұрақтар қатарында: әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлды төлеу тәртібі мен ережелері, көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару, жаңадан мемлекеттік нөмір алу, жүргізу куәліктерін алу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, қаруды алу мен сақтауға рұқсат алу мәселелері болды. 

Сондықтан ашықтық, халықпен тығыз байланыста болуда бұл акция тұрғындарды кезексіз қабылдап, барынша құқықтық сауаттылықтарын арттыру мен түсіндіру жұмыстарын жүргізе береді.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ, АЛДЫН АЛУ» ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сыбайлас жемқорлық – қарапайым тілмен айтқанда қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара беру және алу. Онымен күресу барша тұлғаның міндеті. Осындай қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің ұжымымен кең көлемде жиын өтті.

Мақсаты — жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында ұжым қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Жиналғандар, қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келетінін, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленетінін айтты.  Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады дегенді алға тартты.  Сондай-ақ жиында сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен бұған қарсы атқарылатын жұмыстар талқыға түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясында, "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іріктеу міндеттерін іске асыру жолымен нақты айқындалған. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізу алгоритмі Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс тапқан, ол бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесіндегі басты бағдарламалық құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Жарлығын іске асыру шеңберінде сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес негіздерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын барынша азайту мен жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қоғамның әрбір мүшесі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық және әлеуметтік зұлымдық ретінде қабылдаған жағдайда ғана қалыптасады. Азаматтар сыбайлас жемқорлық құбылыстарынан аулақ болуы үшін олар өз құқықтарын нақты білуі, оларды қорғай білуі, жеке, кәсіби өмірде және қоғамда сыбайлас жемқорлық әдістерін қолданудан бас тартатын тұрақты моральдық ұстанымға ие болуы тиіс. Жалпы, қоғам ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою маңызды. Халық өз құқықтарын, нақты жолдарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріністерін азайту, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылады,- деп тарқасты жиналғандар.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары айтылды

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің білім алушылармен кездесу өтті. Мақсаты: білім алушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, ланкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екендігін ұғындыру.Спикерлер: «Деструктивті діни ағымдар», «діни экстремизм», «діни терроризм» деген атаулардан көз сүрініп, құлақ тұнатын жағдайға жеттік. Әлбетте, басқа түскен індеттен қашып емес, шешіп қана құтыла аламыз. Олай болса, алдымен «деструктивті діни ағым», «діни экстремизм», «діни терроризм» ұғымдарының бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін ажыратып алсақ ,-деп бастады жиынды. Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс-әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Деструктивті діни ағымдардың таралуы халықтың діни сауаттылығының төмендігі, қазақстандық азаматтардың шетелде бақылаусыз діни білім алуы сияқты факторлардың әсерінен кең етек жайып кетті. Соның арқасында халық арасында радикалды идеологияның енуіне қолайлы жағдай туғызған негізгі себептер болды.Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Және жастар осыны жақсы түсіну керек деген ұйымдастырушылар, қазіргі күні мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлесе үйлесімді жасап жатқан жұмыстарының нәтижесінде елдегі діни ахуалдың тұрақты екенін тілге тиек етті. «Бүгінгі күннің бет алысына қарай мың құбылып, сабан астынан су жүгіртуді көздейтін деструктивті діни ағымдармен білек сыбана күресуге тиістіміз»,- дейді жастар қауымы. Өйткені, деструктивті діни ағым өкілдері жоққа шығарғысы келген дәстүрлі құндылықтарымыз ұлтымыздың қаны мен жаны болып есептеледі. Ал, рухани құндылықтарсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Яғни, дәстүрлі құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтау заман талабы. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат