Жексенбі, 30 Сәуір 2023 19:37

Түркістан: «суға шомылуға тыйым салынады» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебі» КММ және «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебі» КММ мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдеріне жазғы шомылу маусымы қарсаңында «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Белгіленбеген орындарда суға шомылуға тыйым салынады» тақырыптарында түсіндірме үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Жалпы мекемелерден 250 оқушы және мұғалім қамтылғанын айта кеткен жөн.

Іс-шара қорытындысымен оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, арнайы дайындалғанескерту парақшалары беріліп, қала аумағындағы тыйым салынған орындар бойынша ескертулер жасалды. Сондай-ақ, суға шомылған жағдайда қандай сақтық шараларын жасау керектігі мен ережелер туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Жалпы, жазатайым оқиғалардың көпшілігі суға байланысты болып табылады. Олардың басым көпшілігі өзін-өзі ұстау мен қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеуден туындайды. Су айдынындарында суға тұншығу жағдайлары өкінішке орай өте жиі кездеседі. Белгісіз су қоймасында шомылудың соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін: я боламаса су түбінде жатқан заттар сізді жарақаттауы ықтимал.  

Дененің құрысып қалу жағдайы – судағы ең көп таралған себептердің бірі. Егер сіз бір аяғыңыз тырысса екінші аяғыңызбен жүзуге мән бергеніңіз абзал.  Иә, тәжірибелі жүзгіш аяқ немесе қолдың көмегінсіз де біршама жер жүзе алады, бірақ бұл жерде құрысу өте күшті болуы ықтимиал және адам кенеттен ауырсынуды сезінуі мүмкін. Суға батудың ең басты себептерінің бірі адам су жұтып қояды. Сондай-ақ адам бірден суық суға түскенде құрысулар орын алады.  Су түбіндегі әртүрлі заттарға (бөренелер және т.б.) соқтығысу салдарынан көбінесе адамдардың батып кету жағдайлары орын алып жатады.

Ал оған адамның сасқалақтап дүрбелеңге түсуі  қауіпті күшейте түседі. Мысалы: адам алысқа жүзіп, кейіннен қорқып немесе судың тереңдігін сезініп дүрбелеңге түсуі ықтимал. Әдетте тәжірибесіз жүзушілермұндай жағдайлармен жиі ұшырасады.  

Сырт көзге жайбарақат ағып жатқан секілді болып көрінетін қарапайым судың өзінде су бұрқақтар мен су асты ағындары болуы ықтимал. Ал мұндай жағдайды топшылай бәлмеген жанға қауіп төнуі ықтимал.  Әрине су ағыны батыра қоймаса да, адамды жағадан біршама алысқа ұзатып алып кетуі ықтимал. Сондай-ақ, сіз желді күндері шұғыл пайда болатын  тұншықтырғыш алып толқындар туралы ұмытпағаныңыз абзал.

Алдымызда суға түсу маусымы тым алыс емес. Балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және әрине, шомылу уақыты. Яғни теңізде, бассейнде, су айдынында шомылу. Бірақ, қай жерде шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керек.

Су, әрине, біздің досымыз. Иә, біз өзіміз 90% судан тұрамыз. Бірақ кейбір жағдайларда су қауіпті болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ересектер мен балалар жазғы кезеңде шомылу маусымында белгілі бір тәртіп ережелерін сақтауы қажет. Бүгін соларды еске түсіреміз.

Бұзуға болмайтын  маңызды ережелер:

Бірінші кезекте балалар тек ересектердің бақылауымен шомыла алады деп айтқым келеді! Бұл — негізгі ереже.

Шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға БОЛМАЙДЫ.

Тамақ ішкеннен кейін бірден суға түсуге БОЛМАЙДЫ.

Бір – бір жарым сағат өтуі керек.

Арнайы қоршаудан өтіп жүзбеңіз, егер арнайы қоршаулар жоқ болса, онда жағалаудан алыс жүзуге БОЛМАЙДЫ.

Зерттелмеген түбі бар бейтаныс жерлерде суға секіруге БОЛМАЙДЫ.

Дауыл кезінде теңізге баруға БОЛМАЙДЫ.

Жүзуді білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жіберуге БОЛМАЙДЫ.

Шеңберлер мен матрастарда жағалаудан алыс жүзуге БОЛМАЙДЫ.

Суда тым ұзақ уақыт болуға БОЛМАЙДЫ, бір түскенде 10-15 минут жеткілікті.

Қатты ағысты жерлерде жүзуге БОЛМАЙДЫ.

Тым суық суға шомылуға БОЛМАЙДЫ (16 градустан төмен болмау керек).

Міне, осындай тізбе пайда болды, және оны толықтыруға болады. Қайықтардың, катерлердің және кемелердің жанында жүзуге тыйым салынады.

Шын мәнінде бәрі дұрыс бола тұра жалған дабыл көтеріп, суға батып бара жатқандай көрініс жасаудың қажеті жоқ. Себебі нақты қауіп туындаған кезде сізге сенбей қалуы мүмкін.Бұл әрбір адамның өмірі үшін маңызды болып табылатын және әрқашан есімізде ұстауға тиісті қауісіздік ережелері.

Шіліңгір шілде басталмай жатып, күн қатты ыси бастады.Осы кезде адамдар еңбек демалыстарына шығып, жастың да, кәрінің де су жағасына барып,  балаларымен, достарымен бірге табиғат аясында серуендеуге бет алады.  Су жағалауларында күнге қыздырынып, демалып, суға шомылып, ыстық құмға «пісу», салқын суға шомылғысы келетіні, жанға сондай жайлы екені анық. Адамдардың суда қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтамауы, жас балалардың суға шомыла білмеуі, мас күйінде суға шомылу орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.

Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында  қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында  Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өзен-көлдер бойында рейд жүргізу және барлық су айдындарының жағасын аралау секілді профилактикалық іс-шараларды күн сайын жүргізуде.

Жалпы суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

- Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз.

- Шомылатын орынға тыйым салынбағанын тексеріңіз.

- Шомылатын орынның тереңдігін біліп алыңыз.

-Тамақтанып болғаннан соң бірден суға беттемеңіз.

-Су ішінде алысып ойнамаңыз.

-Еш уақытта қараңғы уақытта, сондай-ақ, масайған күйінде шомылмаңыз.

-Егер жалғыз шомылсаңыз, жақсылап ой таразысына салыңыз, төтенше жағдай бола қалса, сізге кім көмектесетінін ойлаңыз.

- Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ – қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз;

-Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз.

-Шомылу кезінде судың суық болмауын байқаңыз. Себебі, суық суда тоңудың әсерінен өлім саны көп болады. Суық суға түскен адам 10 – 30 минутта суық өтіп қайтыс болады. Организмнің тез салқындауы ашыққан кезде, тым тойынған кезде, шаршаған кезде және адамның мас күйінде болады.

-Балаларға көңіл бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз, шомыла білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.

Суға бату-суға батқан адамдардың демалу жолдарына сұйықтықтың толып қалуының нәтижесінде демалу бұзылып, тұншығудың болуы. Зардап шеккен адамның терісі бозарады, беті мен ерні қарайып кетеді, дем алмайды, тамыр соғуы өте әлсіз болып (немесе мүлдем болмайды), аузы мен мұрын қуыстарында көпіршіктер ағады. Бұл кезде зардап шеккенді қараусыз қалдыруға болмайды. Кез келген  сәтте жүрегі тоқтап қалуы немесе бас миының және өкпесінің ісінуі өршіп кетуі мүмкін.

Зардап шеккен адамға көмек көрсетерде өз қауіпсіздігіңізді естен шығармаңыз. Сабыр сақтап, егер суға кетуші су бетінде болса, онда оны артқы жағынан ұстау қажет. Ал суға кетсе судың астынан іздеп, шашынан не қолынан тартып, су бетіне шығару керек. Өзіңіз не айналадағылардан  «Жедел жәрдем», яғни «103-ті» шақыртыңыз. Алғашқы медициналық көмекті 4-5 минут ішінде көрсетіп үлгеру керек.  Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсету мүмкіндігінше тездетіп оттегі жеткіліксіздігін қалпына келтіруден тұрады.

«Су - тілсіз жау». Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау болып табылады.Осы айтылған барлық қауіпсіздік шаралары мен ережелерін  қатаң сақтайтын болсаңыздар, өздеріңізді, барлық жақындарыңыз бен достарыңызды қауіп-қатерден аман алып қала аласыз. «Өз өмірің өз қолыңда» екенін ешқашан естен шығармаңыз.

Ата-аналар назарына! Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жазғы мезгіл – балалар үшін нағыз демалатын шақ болса, су – балалар организімінің сауықтырылуына қажет бірден-бір құралы болып табылады. Алайда, суға шомылудың пайдасын, тек   қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жағдайда  көруге болады.

Осыған байланысты жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін  қалай ұстау қажеттігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!

Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан  жасалған  немқұрайлық  орны толмас жағдайларға  апарып жатады.

Балаларыңызды сақтаңыздар!

Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады!

Тыйым салынған орындарда суға түсуге тыйым салынады!

Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады!

Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға тыйым салынады!

Суда ойнауға тыйым салынады!

 Жалған дабыл беруге тыйым салынады!

Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге тыйым салынады!

Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге тыйым салынады!

Тамақ ішкен бойда суға түсуге тыйым салынады!

Суға мас күйде түсуге тыйым салынады!

Таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынады!

- суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз;

- суға абайсызда түсіп кететін жерлерде, көпірде, ылди жағада, кемелер тұратын жерлерде тұрмаңыздар және ойнамаңыздар;

- егер жүзе білмесеңіз, суға беліңізден төмен тереңдікке түспеңіз, сүңгімеңіз, әсіресе таныс емес жерлерде сүңгімеңіз;

- күн қатты түсіп тұрған жерлерде қыздырынбаңыз;

- судың температурасы 20 градус болуы керек, су ішінде 20 минуттан артық жүрмеңіз, бұл уақытты біртіндеп 3-4 минутқа қосылып отыруы керек;

- күнге ұзақ қыздырынғаннан кейін суға бірден түспеңіз, деміңіз бітіп, бұлшықеттеріңіз тартып қалуы мүмкін;

- белгіленген буйкалардан асып жүзбеңіз, жағадан алыс ұзамаңыз;

- кері қайту жолды ұстану қажет;

- кеме тұтарын жерлерге жақын малтымаңыз;

- кеме келе жатқан жерлерге жақын бармаңыз, кеменің толқыны сізді айдап әкеліп, астына кіріп кетуіңіз әбден мүмкін;

- қайықтан, құлама жағадан бірден суға секірмеңіз, басыңызды қатты затқа соғып алуыңыз мүмкін., бұл зат немесе ағаш тамырлары да болуы мүмкін;

- суда алысуға, бір-бірін шошытуға болмайды, егер абайсызда ойнаймын деп шошытып алсаңыз, суға тұншығып қалуы мүмкін;

- қайықты шамадан тыс толтыруға болмайды, жиегіне отыруға болмайды;

- қайыққа міндетті түрде алдыңғы жағынан міну қажет, сонда қайық тепе теңдікті сақтайды.

Тыйым салынады:

– жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге;

– қатты толқын кезінде суға түсуге;

– үлкендердің қарауынсыз балаларға суға түсуге;

– камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түсуге;

- 16 жасқа толмаған балаларға ата-аналарынсыз қайыққа мінуге;

- салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның».

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 377 рет