Бейсенбі, 27 Сәуір 2023 18:15

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу үшін құжаттарды қабылдауды жүргізеді.

Лауазым: диспетчер және радиотелефонист (C-SV-13) - 15 бірлік, оның ішінде: Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі – 2 бірлік, Түркістан қаласындағы №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі – 4 бірлік, Түркістан қаласындағы №41 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі – 4 бірлік, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы № 8 өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік, Отырар ауданы ауданы, Кентау қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Созақ ауданы, Созақ ауылындағы № 26 өрт сөндіру бекеті-1 бірлік, Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылындағы №34 өрт сөндіру бекеті-1 бірлік, Түлкібас ауданы, Түлкібас ауылындағы №36 өрт сөндіру бекеті-1 бірлік.

Лауазымдық нұсқаулықтары: бекітілген байланыс техникалық құралдарының жұмыс істеуін білуге және әрдайым тексеріп отыруға, кезекшілік барысында оларды таза және ақаусыз ұстау. Бөлімнің шығу ауданын білу және тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтермен әрдайым байланыс ұстап отыру.

Лауазым: өрт сөндіруші - құтқарушы (C-SV-13) – 31 бірлік, оның ішінде: Түркістан қаласындағы № 41 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі - 15 бірлік, Түркістан қаласындағы № 39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі - 8 бірлік, Түркістан қаласындағы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі - 4 бірлік, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы № 11 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы №34 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылындағы №15 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік, Отырар ауданы, Маяқұм ауылындағы №30 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік.

Лауазымдық нұсқаулықтары: өрттерден, авариялардан және басқада төтенше жағдайлардан, халықты, адам өмірі мен материалдық құндылықтарды, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау.

Қойылатын талаптар: орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім. Жасы он сегізге толған, бірақ отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2 тармағына сәйкес шектеулері бар тұлғалар, сонымен қатар, қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер (17-бап) мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді (12-бап) қабылдаудан бас тартқан тұлғалар құқық қорғау қызметіне қабылданбайды.

Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ықшам ауданы, 13-көше, 23-құрылыс, «Түркістан облысы Төтенше жадайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, 317 кабинет.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 335 рет