Бейсенбі, 27 Сәуір 2023 12:58

Түркістан облысы: 111 адамға, 88 бірлік автокөлікке авариялық құтқару жұмыстары жүргізілген

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов 2022 жылғы 12 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндамасында айтты.

2022 жыл Түркістан облысы аумағындағы республикалық және облыстық жолдарда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты 4 жағдайда, 20 рет (6-республикалық, 14-облыстық) уақытша жолдардың жабылуы мен кептелістері орын алып, ТЖД жолда қалып қойған 111 адамға (3 бала) және 88 бірлік автокөлікке (73 жеңіл, 15 жүк автокөліктері) құтқару, авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілген. Күрделі метеожағдайларда, қар құрсауында қалып зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дайындыққа келтірілген 12 жылыту бекеттері қолданылған (жылу, тамақ, медициналық көмек).

- Облыс әкімімен бекітілген Түркістан облысы аумағындағы болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатындағы облыстық төтенше жағдайларды жою іс-қимыл жоспарына түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Облыспен шектескен аумақтағы ықтимал авариялар, дүлей апаттар және зілзалардан туындайтын төтенше жағдайлар салдарын жою мәселелері бойынша Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласының ТЖД бірлесіп әрекет ету жоспарларына 2021 жылдың қорытындысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді – деді департамент басшысы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 09 ақпандағы «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын (бұдан әрі – РКШОЖ) өткізу туралы өкімі және облыс әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы «Көктем-2022» РКШОЖ іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес ағымдағы жылғы 3-4 наурыз аралығында облыстағы ықтимал ТЖ тек арық-атыздарды тазалау бойынша дайындық жұмыстарын көрсете отырып, командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілген.

Сондай-ақ, ҚР ҰҚК ТО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша бөлімшелердің күштері мен құралдарының дайындығын тексеру мақсатында барлық қала, аудандарда толығымен штабтық оқу-жаттығулар өткізілген.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлінісі болып табылады. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 037-орам, 3685-құрылыс. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі.

 

«AQ-QARA.KZ»ақпарат»

Оқылды 276 рет