Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлды төлеу тәртібі, көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару, жаңадан мемлекеттік нөмір алу, жүргізушілік куәліктерін алу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, қаруды алу мен сақтауға рұқсат алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сауалдардың жиі қойылатыны ескеріліп, үстіміздегі жылдың 09 қыркүйекте «Жолда қабылдау» акциясы басталды.
Төлеби АПБ-нің басшылығы мен қызметкерлері азаматтарды қабылдау бөлмесінде аудан халқын мазалаған сұрақтары бойынша қабылдайды.
Акцияның алғашқы күні бөлім бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Жақыпбекұлы, ӘПБ бастығы полиция майоры А.Наштай тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдары мен өтініш-тілектерін тыңдап, құқықтық кеңес берді.
Акция 09-10 қыркүйек күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өткізіледі.