Түркістан облысына қарасты Келес ауданында өткен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына аудан әкімі А.Есбаев, мәслихат хатшысы А.Тотиков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Е.Жүнісов, құрылымдық бөлім, дербес бөлім басшылары, ауылдық округтерінің әкімдері мен Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жиі ұшырасатын салалар білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері басшыларының есебі тыңдалып, проблемалық мәселелердің шешу жолдары бойынша бірқатар ұсыныстар талқыланды.
Мінберде саөз алғандар еғ біріншіден сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның қандай зияны барын және онымен нәтижелі күрес туралы атты.
- - Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады,-деді жиналғандар.
- Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді. Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:
● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;
● қоғамдық бақылау институттарын енгізу;
● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;
● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
● сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.Осы бағыттар шеңберінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымын қайта қарастыруға және жемқорлық құқықбұзушылықтар арасына нақты шек қоюға, мемлекет тіршілігіне азаматтық бақылау жүйесін құру және енгізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ азаматтардың көпшілік ақпаратқа еркін рұқсат алуын қамтамасыз ететін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы», «Қоғамдық бақылау туралы», «Көпшілік ақпаратқа рұқсат туралы» жаңа заңдары дайындалып, қабылданатын болады.
Айта кетейік, бүгінде жалпы ел аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеуге және үйлестіруге бағытталатын қоғамдық кеңестердің тұрақты органдары, яғни жергілікті жерлерде комиссиялар құрылып, бұдан былай бармақ басты әрекеттерді болдырмау бойынша қоғам арасында белсенді жұмыс жүргізетін болады.