Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында "Жалын" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен аудан аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің және кереағар діни ағымдардың алдын алу мақсатында жиын өтті. Леңгір қаласының тұрғындары мен жастары арасында республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Шымкент қаласы "Байғұт" баба мешітінің бас имамы Желеуов Дастан Сүлеиұлының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кездесу соңында қойылған сұрақтарға жауап берді. Және қазіргі таңда қоғамымызда өзекті мәселелердің бірі керағар діни ағымдардың көзқарастарының таралуы болып тұрғандығы айтылды.
Теріс пиғылды діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін белгілі бір топтар. Оларға тән ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.
Мұндай ұйымдар тұлғаның табиғи үйлесімді, рухани, психикалық халіне және физикалык жағдайына қауіпті болып келеді, сонымен катар қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, мәдениетті жоюға ұмтылады. Теріспиғылды діни ағымдарда жасырын психологиялық зорлық тәсілдерін қолдану сипаты тән. Деструктивті діни ағымдар жеке адамның немесе адамдар тобының басқа адамдардың санасына, өміріне олардың келісімінсіз саналы түрде заңсыз әсер етуді орнатуынан байқауға болады. Мұндай психологиялық әдіс адамдардың белгілі бір уағызшысына, ұстазына деген мойынсұнушылық пен тәуелділіктің қалыптасуы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Олардың түпкілікті максаты — адамдарды бағындыру арқылы заңсыз байлық пен билікке кол жеткізу .
Керағар діни ұйымдар мен оның жетекшілерінің өздерінің жамағаттарына жаңа мүшелерді тартып, санын көбейтіп отыруы өте маңызды. Жамағаттың саны көбейген сайын олардың да ықпалы күшейе түседі. Араб елдерінде болған «мұсылман бауырлар» секілді қозғалыстар бұған дәлел.
Керағар ағымдардың жетегіне кетуіне көптеген себептер бар, алайда жалпыға ортақ келесідей белгілер орныққан. Олар:
— отбасында, қоғамда, достардың арасында өмірлік іс-әрекетке деген ынтаның жоқтығы;
— өмірдегі махаббат, достық, ұжымшылдық, құрмет, ынтымақтастық сияқты басты құндылықтары бағытынан адасу;
— айналадағы жақын және туған бауырларымен байланысты үзу, оған қоса, мектеп (ЖОО) тамамдағанына байланысты; жұмыс ауыстыруға байланысты отбасынан айырылу; тұрақты жұмысын жоғалтуы (ауысуы, отбасының ажырасуы) ыдырауы, жақын адамдардың ауруы (жоғалтуы) тұрмыс қалпының өзгеруі;
— отбасындағы жайсыз моральдық-психологиялық және материалдық жағдайға байланысты жеткіншек баланың қалыптасып келе жатқан психикасына әсер етуі;
— ата-аналардың қоғам арасындағы төменгі мәртебесінен намыстануы және басқа да;
Мұны жақсы білетін керағар діни ағымдардың жетекшілері, адамдарды өзінің қатарына тарту барысында оларға байлық пен берекеге уәде беріп, ақырында деструктівтік ұйымына алып келеді.