Сенбі, 02 Шілде 2022 22:14

Сайрам: Полицейлер сала мамандарымен онлайн кездесу өткізді

«Жақсы әдеттер марафоны!» ұлттық бағдарламасы аясында, «Қарасу» бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталықтың қызметкерлеріне вебинар өткізілді. Аталған онлайн форматтағы сабаққа Сайрам ауданы Қарабұлақ емханасының психиатр-нарколог дәрігері Дина Аитова, полиция аға лейтенанты Әділет Әметбеков, Сайрам ауданының имамы қатысты.

Негізгі мақсат - есірткі заттарын қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, өзіне және басқаларға саналы және жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастыру, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Шара барысында дәрігерлер мен медбикелерге «Жеңістеріңнің төрт кілті», «Қорқудың қажеті жоқ, білу маңызды» деген тақырыптарда сабақ өтіліп, ақыл-кеңестер берілді.

Яғни балалармен жұмыс істеу кезінде оларға кімде-кім есірткі затын ұсынса бірден заңмен тыйым салынған заттарды қолданудан бас тарту дағдыларын үйрету керектігі туралы ақпарат берілді.

Дәл осындай тақырыппен Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттеріне де вебинар өткізілді.

Бұл онлайн форматтағы дәріске Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері Азиза Таспауова, еріктілер тартылды. Мұнда да қатысушылармен кері байланыс орнатылып, пікірлері тыңдалды.

Вебинар соңында еріктілер, студенттерді денсаулықты сақтайтын мінез-құлыққа, өнер-білім алуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға шақырып, Құрманғазының асыл мұраларының бірі «Балбырауын» күйін орындады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 323 рет