Бейсенбі, 25 Желтоқсан 2025 18:07

Түркістан қаласы: инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу мәселелері талқыланды

Түркістан қаласында маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша кезекті кездесу өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала прокуратурасы инвестициялық жобаларды құқықтық қолдауды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Осы жұмыстың аясында Түркістан қаласы прокурорының орынбасары О.Мусаев және облыс прокурорының инвестициялық жобалар жөніндегі аға көмекшісі Н.Мустафаевтың төрағалығымен жұмыс кездесуі өтті. Оған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген ірі кәсіпкерлер қатысты. Кездесуде Жалпыұлттық және Өңірлік пулға енгізілген жобалардың жүзеге асырылуы талқыланып, инвесторлармен жеке қабылдаулар ұйымдастырылды. Тұрғын үй, қонақ үй, тігін фабрикасы және жиһаз өндіретін цех құрылысына қатысты мәселелер қаралды. Аталған жобалар жүздеген жұмыс орнын құруға және қаланың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Қала прокуратурасы алдағы уақытта да инвестициялық жобаларды құқықтық тұрғыдан сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырады.

Осы тұста айта кетсек, мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырма беріп келеді. Әділ және бәсекелі экономиканың басты талабы – заңдылықтың сақталуы. Кейінгі жылдары бұл бағыттағы жұмыстардың құқықтық тұрғыдан қорғалуына ерекше мән беріліп отыр. Өздеріңізге мәлім, қазір ел экономикасын дамыту, оны монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау және инвестициялар тарту бағытында біраз жұмыс атқарылып келеді. Әсі­ре­се еліміз үшін инвестиция тарту­дың маңызы зор. Өйткені инвес­тиция – ел экономикасының темірқазығы, еліміздің жаhан­­дық деңгейдегі бәсекеге қабілет­ті­лігін арттырудың кілті.

Елімізге тартылған инвести­циялар экономикамызға тамыр жаюы үшін бар мүмкіндікті жасалуы қажет. Сол себеп­ті, мемлекеттік органдар инвес­ти­циялық қызметті қолдауға ба­рынша атсалысуға тиіс. Бұл бағытта жасалған нақты және аса маңызды қадам ретінде Мем­ле­кет басшысының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Ел экономикасына инвестициялар тарту жөнін­дегі жұмыстың тиімділігін арт­тыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын атап өтуге болады. Себебі құжат тез шешім қабыл­дау­дың жаңа жүйесін енгізді.Президент Бас прокуратураға инвестициялық жобаларды сүйе­мел­деу мен оларды қорғауды жүк­­теді. Басқаша айтсақ, жо­ға­ры қадағалау органының та­ри­­хында жаңа сала пайда болып, прокуратураға жаңа міндет жүктелді. Осы арқылы прокуратура қыз­ме­тіне өзгеріс енгізілді деп айтуға да болады.

Прокуратура үшін жүктелген міндет анық, ол – бизнесті жүргізу мен инвестиция тарту үдерісін барынша ашық, түсінікті және жеңіл ету. Инвесторлардың проблемаларын құқық қорғаушылар жөнсіз бөгеттер мен кедергілерсіз тікелей шешуі керек. Ол үшін ең алдымен Сыртқы істер министрлігімен байланыс орнатылған. Себебі Инвестиция комитеті осы министрліктің құрамында. Қазіргі уақытта прокурорлар комитетпен тығыз жұмыс істеуде.Қазіргі таңда Бас прокуратура инвестицияларды тартуды және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемел­деуді қамтамасыз ететін «Kazakh Invest» ұлттық компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Өңірлерде «бір терезе» қағидаты бойын­ша фронт-офистер ашылып, әр прокуратурада call-орталықтар іске қосылды.

Инвестициялық жоба­лар­ды сүйемелдеудің бас­ты­ мақ­са­ты – оларды іске асы­ру­дың бар­лық сатысында инвес­тор­­лар­ға құқықтық қолдау көр­се­ту және қорғау. Оның да бір­қа­тар сатысы бар. Мысалы, объек­тінің құрылысын бастау үшін мемлекеттік сараптама, сәу­лет, экологиялық бақылау және басқаларын қоса алғанда, түр­лі­ инстанциядан 60-тан астам рұқ­сат талап етіледі. Инженерлік желі­­лерге қосылу – мүлде бөлек мәсе­ле.Бүкіл үдеріс бір жарым жылға дейін созылуы мүмкін. Кейде, тіпті, инвестордың дегеніне қолы жетпей, сағы сынып жатады. Кейде кейбір мемлекеттік орган инфрақұрылымдарды пайдалануға рұқсат бермесе, екіншісі, инвестордың жұмысын тоқтатып қояды, ал үшіншісі, бұрын алған жерін қайтарып беруді талап ететін жағдайлар да болып жатады.

Еліміздің алдында тұрған мақсат – экономикалық өсімді 6-7 пайызға, 2029 жылға қарай экономика көлемін екі есеге арттыру. Мемлекет басшысы осы мақсаттарға жету үшін бизнесті жүргізу стандарттарын, қағидалары мен практикасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне жеткізуге арналған ауқымды реформалар қажет болатынын атап өтті. Барлық мемлекеттік органның басшылары осы міндеттің маңызын түсініп, болашақ инвестициялық өрісті қалыптастыруға белсенді қатысады деп күтілуде.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 109 рет