Сенбі, 06 Желтоқсан 2025 10:30

Түркістан облысы: Жетісайда құқықтық сауаттылық және мемлекеттік бюджетті бақылаудың заманауи тетіктері түсіндірілді

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбековтың төрағалығымен өткен жиынға аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Намазов пен Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Садықбеков қатысты.

Жиын барысында Асхат Тұрсынханұлы құқықтық сауаттылық және мемлекеттік бюджетті бақылаудың заманауи тетіктеріне тоқталып, онлайн бюджеттік мониторинг, электрондық мемлекеттік сатып алу, электрондық қазынашылық жүйелері, қоғамдық бақылау кеңестері мен ішкі және сыртқы аудит, цифрлық бақылау жүйелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онлайн бюджеттік мониторингтің артықшылықтары мен тәуекелдерді анықтау жұмыстарының нәтижелерін айтты.

«Мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін құқықтық сауаттылық пен қатаң бақылау тетіктері маңызды. Онлайн бюджеттік мониторинг (ОБМ) сияқты жүйелердің әлеуетін толық пайдалану және анықталған мәселелерді шешу арқылы бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге болады» деді Асхат Тұрсынханұлы. Сондай-ақ, басқосуда мемлекеттік мекемелердегі қаржылық операциялардың толық ашықтығын қамтамасыз ету, қызметкерлердің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын талап ету, қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылықтарын үнемі арттыру, қаржылық тәртіпті күшейту үшін ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен сөз болып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Айтылған ұсыныстар талқыланды.

Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асқан мемлекет» тұжырымдамасы мен мемлекеттік бағдарламаларын, еліміздің әлеуметтік экономикасын дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келе жатқан мемлекеттік қызметшілер дамыған мемлекеттің негізгі қозғаушы тетігі, жоспарлы саясаты мен нақты қадамдарын жүзеге асырушы, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтатушысы, іскерлік дағды қалыптастырған еліміздің ең маңызды идеяларының бастаушысы.

Осы тұста айта кетсек, Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Орманов Ербол Керімбекұлы Жетісай ауданында болып, ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында әдеп уәкілі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттері, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және парасаттылық атмосферасын құру секілді қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы адамгершілікке жат әрекеттерден сақ болуы, тәртіп пен жауапкершілікті үнемі назарда ұстауы керектігі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киім үлгісі негізгі талаптарға сай болуы тиіс екендігі ескертілді.

Басқосуға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған Ербол Керімбекұлы адам бойына қажетті құндылық қатынастар мен қабілеттерін дамыту мақсатында мемлекеттік қызмет саласында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істердің барысымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамға келтірілетін зияндары мен кері әсерлерін түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды қалыптастыру керектігі айтылды.

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекетіміздің жүргізген саясатының арқасында қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды­. Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. 

«Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы.Мемлекеттік қызметші – іскерлік дағды қалыптастырған еліміздің ең маңызды идеяларының бастаушысы, елдің, ұлттың мәртебесін көтеруші, абыройын асқақтатушы» деген Ербол Орманов жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік, квазимемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жеке қабылдау өткізді.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 54 рет