Жұма, 05 Желтоқсан 2025 21:21

Түркістан облысы: Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тікелей кері байланыс орнату. Аталған іс-шараға Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөлімі және Созақ ауданы мансап орталығы филиалының жауапты мамандары қатысты. Іс-шара аясында «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу тәртібі және атаулы әлеуметтік төлем төлеу т. б.» тақырыбына орай азаматтарға кеңес беріліп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауаптар ұсынылды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы үнпапақтар азаматтарға таратылды. Мемлекеттік органдар тарапынан сервистік көзқарасты дамыту, ашықтық пен халыққа жақын болу принципін ұстану бағытында өткізілген бұл іс-шара тұрғындар тарапынан оң бағасын алды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы “А. Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де қоғамдық бақылау жүргізілді. Іс-шараға Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаев, “Демеу” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Б. Смахова қатысты.

Бақылау барысында Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық стендтер (құжаттар тізбесі, өтініш үлгілері) тәртібімен таныстырылды. Қызмет алушыларды қабылдаудың ұйымдастырылу сапасы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы тексерілді. Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, ақпараттың анықтығы бағаланды. Ғимараттағы дабыл батырмаларының жұмысқа жарамдылығы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайдың жасалуы қаралды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қызметтерді тиісті деңгейде ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілді.

Осы орайда айта кетсек, мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық берілгенін және сервисті және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру - мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократия мен әуре сарсаңның көрінісіне жол бермеуге бағытталған шаралардың бірден бірі екендігін атап өткен жөн. Жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді сақтау жолында, өңір тұрғындарының  сапалы мемлекеттік қызмет алуы Департамент қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады.

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекетіміздің жүргізген саясатының арқасында қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды­. Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. 

Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде мемлекет басшысы жыл сайын тапсырмалар жүктеуде. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының ар-туына, сыбайлас жем­қорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болатыны анық. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсет­кіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс. 

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 49 рет