Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, тиімді шешімдер қабылдау және атқарылып жатқан шараларды үйлестіру мәселелері талқыланды. Жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты жағдайлар және оларды шешу жолдары пысықталды.
Мәжіліс барысында қорғалатын объектілердің жай-күйі және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі, интернет кеңістігіндегі заңсыз және деструктивті материалдарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бағыттар бойынша ақпарат берілді. Баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Бұл бағытатғы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді. Мәжіліс соңында ақпараттық кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз болды. Отырыс қорытындысында мемлекеттік органдардың жүргізіп отырған жүйелі жұмыстары мен талдау нәтижелері облыс аумағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге оң әсер ететіні, сондай-ақ саяси астары бар террорлық қауіптердің алдын алу тетіктерін күшейту қажеттілігі атап өтілді.
Жыл өткен сайын елімізде деструктивті діни ағымдардың қатары көбейіп барады. Аталған діни ағымдардың елдің көнеден келе жатқан ата дәстүрі мен салтына, діні мен рухани дүниесіне, ата-ананың тәлім-тәрбиесіне, сонымен қатар заманауи медицина мен ғылым-білімге қарсылықтарын білдіріп жатқаны қоғам өміріне елеулі кері ықпалын тигізіп отырғаны шындық. Әсіресе, оң-солын танып үлгермеген жастардың сол діни ағымдардың шырмауына ілініп кетіп жатқаны алаңдатады. Сондықтан бұл орайда мемлекет тарапынан халықтың құқықтық әрі діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы жүйелі түрде іс-қимыл жүргізудің маңыздылығы аса жоғары.
Соңғы уақытта әлемдік қоғамдастық радикалды діни ағымдардың, экстремизм мен терроризмнің өршуіне қатты алаңдаулы. Бүгінгі таңда экстремизм мен терроризм кез-келген елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Экстремизм мен терроризм-зорлық-зомбылық идеологиясы, бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс, оның субъектілері жеке тұлға, қоғам, мемлекет болып табылады. Бұл мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі. Террористік қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың маңызды шарты-қауіпке жауаптың ымырасыздығы, айқындылығы және қатаңдығы.
Терроризм дегеніміз – зорлық-зомбылық идеологиясы және мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының немесе халықаралық ұйымдардың тұрғындарды қорқытуға байланысты және жеке тұлғаға, қоғамға және мемлекетке зиян келтіруге бағытталған зорлық-зомбылық көрсету және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау немесе қорқыту арқылы шешім қабылдауға әсер ету тәжірибесі.
Экстремистік әрекеттер – бұл жоғарыда аталған әрекеттерді, соның ішінде бұқаралық үндеулерді тікелей жүзеге асыру. Бұған экстремистік ұйымдардың рәміздерін насихаттау, үгіт-насихаттау және көпшілік алдында көрсету кіреді. Адамдардың өліміне қауіп төндіретін, мүлікке айтарлықтай зиян келтіретін басқа да әрекеттер де жатады.
«Көптеген дәстүрлі емес деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары қорқыту мен психологиялық қысымды өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолданады, өйткені бұл жерде «Бізбен бірге емес – демек бізге қарсы» әдісі жиі қолданылады. Мұндай қозғалыстардың жетекшілері ізбасарларын белгілі бір қатал әрекеттер ғана олардың жоспарларын жүзеге асыруға көмек болатындығына сендіреді. Көбінесе бұл әрекеттерін әділеттілік үшін күрес ретінде көрсетуге тырысады. Олар бұл әрекеттерді белгілі бір уәделермен және құдайдың рақымымен марапаттайды. Осылайша, әдіснамалық тұрғыдан олар ұстанушыларды айла-шарғы жасаудың нәтижесінде өзіндік идеология құрайды», – дейді психологтар.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат