Бақылаушылар «Мансап орталығы» қызметінің қалыпты жағдайда жүріп жатқандығына және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғанына көз жеткізді. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қажетті техникамен толық қамтылған. Алдағы уақытта халыққа «Мансап орталығы» тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуі аудан әкімі аппараты тарапынан үнемі бақылауда болады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Ордабасы ауданында «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға кәсіпкерлер қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында азаматтарға кәсіпкерлік саласындағы рұқсат құжаттарын, лицензия алу тәртібін, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған мемлекеттік гранттар мен бағдарламаларды пайдалану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, заңнамадағы жаңалықтар мен салықтық режимдер туралы мәлімет беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат