Сәрсенбі, 22 Қазан 2025 08:20

Созақ ауданы: «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыға түсті

Созақ ауданының орталығында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау мақсатында мәжіліс өтті. Алқалы жиынға Созақ аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар қатысты.

Келелі кеңесте сөз алған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Созақ аудандық ақсақалдар кеңесі төрағасы Берік Тұрғанбаев жас ұрпаққа адалдық пен әділдік құндылықтарын сіңіруде білім беру қызметкерлерінің айрықша рөлін атап өтті.

Одан кейін сөз алған Созақ ауданы аудан прокуратурасының прокуроры Руслан Айдарбеков жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының әдіскері Рапия Тоқтабаева «Адал азамат» жобасының жай-жапсарын жан-жақты түсіндірді.

Жиынды қорытындылаған «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов жастарды ел болашағы жолында жауапты, парасатты және адал азамат болып қалыптасуға шақырды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 180 рет