Аталған шара Созақ ауданы прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында өтті. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен құқықтық мүмкіндіктер туралы жан-жақты түсіндіру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың өтініштерін жедел қарау.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған жер қатынастары, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту, салықтық мәселелер мен құқықтық кеңес алу бағыттарында сұрақтар қойып, тиісті сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Мобильді топ мүшелері тұрғындарға заң аясында кеңес беріп, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандырды. Сонымен қатар, кейбір өтініштер бойынша жауапты органдарға жеке тапсырмалар жүктеліп, мәселені шешу жолдары қарастырылды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да аудан аумағында жалғасын тауып, халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуға және құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталмақ.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат