Іс-шара Отырар ауданы білім беру бөлімі, бастауыш пен орта білім беру және мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушы ата-аналарға электронды түрде алу жолдарын түсіндіру мақсатында және аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуде мәселелерді шешу талқыланды. Келген қызмет алушы ата-аналарға алатын қызметі туралы және қажетті құжаттардың керектігі туралы түсіндірме кеңес берілді.
Сонымен қатар, қызмет алушы ата-аналарды қабылдау барысында Өз үйіндегі интернет немесе ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышындағы» арқылы электронды түрде eGov.kz, balabaqsha.snation.kz, mektep.snation.kz порталдарыы және eGov mobile қосымшасы арқылы
Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және қабылдау
Мектепке қабылдау
Мектептен мектепке ауыстыру
Лагерьге жолдама
Тегін тасымалдау
Жеңілдікпен тамақтану
Қосымша білім беру
Құжаттың телнұсқасын беру
Басқа сыныпқа ауыстыру
Оқу орнынан анықтама
мемлекеттік қызмет алу жолдары көрсетіліп түсіндіріліп кеңес берілді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында, кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі мәжілісте сөйлеген сөзінде «...мемлекеттік қызмет жүйесін іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған болуы үшін қайта жаңғырту» қажеттілігін атап өтті. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа сын-тегеуріндерді шешу жаңа редакциядағы Әдеп кодексін қабылдауға себеп болды. Кодексте адал ниеттілік, адалдық, әділеттілік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану іспетті мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары айқындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады... Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс «Адал азамат» дегеніміз-осы»-деп атап көрсетті. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады.
Осы тұста айта кетсек, 2025 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2030 жылға дейінгі мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы бекітілді: "Адамға бағдарланған" "Адамдар – бәрінен бұрын" моделі құрылмақ. Бұрынғыдай, тұжырымдама азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуды, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамының сапасын арттыруды, стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруды, мемлекеттік аппаратты оңтайландыруды және мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті форматына көшуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды көздейді.
Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамыту тиімді, әділ, ашық, клиентке бағдарланған және қоғам сұранысына жедел жауап беретін, "еститін мемлекет" қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың міндеті – азаматтардың сұранысын қанағаттандыру, соның ішінде әділеттілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болуға тиіс. Мемлекеттік аппаратты оңтайлы әрі тиімді етуге бағытталған реформалардың басымдылығы олардың әрбір азаматтың өміріне оң әсері арқылы айқындалады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат