Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Нәтижесінде мыңдаған гектарлы жерлер мемлекетке қайтып жатыр. Бұл шаруа үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Есесіне ортақ жайылымды жерлердің аумағы ұлғаяды. Сауран ауданында да жайылымның жетіспеуі ауыл шаруашылығы саласы үшін өзекті мәселе болып отыр. Билік пен тұрғындар ортақ шешімге келіп, тұрғындар өз жерлерінің белгілі бір мөлшерін мемлекетке қайтарып жатыр.
Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты елді мекендерде 29 жер иеленушілердің жалпы алаңы 3957,51 гектар жер учаскесі анықталып, ортақ жайылымға қайтару бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Сауран ауданында жайлымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, «Қолжетімді жайылым» жобасы аясында аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, әрбір елді мекенді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары дайындалып, қажетті жайылым жер телімдері қайтарылуда.
Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғындары Сатибалдиев Юлдашқа тиесілі жалпы алаңы 143,91 гектар, Сатибалдиев Закирге тиесілі жалпы алаңы 92,76 гектар, Мехманов Елмуратқа тиесілі жалпы алаңы 131,18 гектар, жалпы аумағы 367, 85 га жер учаскелерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды. Жер – халықтың бірден бір қажеттілігі. Жерді халық ортақ игілігіне пайдаланғаны абзал. Ал, ауыл шаруашылығын дамытудың бірден-бір жолы – жайылымды игеру. Ел Президенті де сол үшін осы мәселеге маңыз беріп отыр.
Бұл ретте аудан прокуратурасы арқылы ауыл тұрғындарының ауыл маңындағы жайылымға деген мұқтаждықтарын шешу мақсатында енгізілген қадағалау актілерінің нәтижесінде Жаңа Иқан ауылдық округінде 4072,2 гектар/29, Майдантал ауылдық округінде 3 788,2 гектар /27, Жібек жолы ауылдық округінде 12 350 гектар /52, Оранғай ауылдық округінде 1 274 гектар /23, Бабайқорған ауылдық округінде 1 147 гектар /6, Иассы ауылдық округінде 1 022 гектар /7, Ескі Иқан ауылдық округінде 7 935 гектар /167, Шаға ауылдық округінде 14 853 гектар /103, Үшқайық ауылдық округінде 4 920 гектар /18, Жүйнек ауылдық округінде 4 462 гектар /38 мемлекет қорына қайтару туралы аудан әкімінің қаулысы шығып, ортақ жайылымға енгізілуде (жалпы алаңы 55 950 гектар /471 ортақ жайылымға алынуда).
Ағымдағы жылдың аяғына дейін аудан прокуратурасы арқылы елді мекендерді жайылыммен толық қамтамасыз ету жоспарлануда. Жайылым жер телімдерін қайтару аудан прокуратурасының ерекше бақылауына алынған.Айта өтейік, биыл жыл басында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қазақстандықтарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, ҚР Жер балансына сәйкес жайылымдық жерлер 183,4 млн га құрайды, оның ішінде:
– 82,4 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
– 63,9 млн гектар босалқы жерлер;
– 21,2 млн гектар елді мекендерге іргелес жерлер;
– 15,9 млн гектар басқа санаттағы жерлер (орман қоры, ерекше қорғалатын табиғат аумағы, өнеркәсіп жерлері).
Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген талдау мен әкімдіктердің деректеріне сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жайылатын 5,7 млн шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормативтері бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю үшін қосымша 8,9 млн гектар жайылым қажет.
2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша жұмысшы топ өкілдері заңсыз жер пайдаланушыларды анықтау мақсатында 43 рет аралау жұмыстарын жүргізді және 3 рет жұмысшы топтың жиналысы өткізілді. 102-сымтетігіне 13 рет хабарлама беріліп, ішкі істер органдарына тіркелді. Сонымен қатар, 23 ауыр жүк көліктері айыптұраққа қойылып, жалпы соммасы 2,7 млн. теңге айыппұл салынды. Облыстық жер ресустарын басқару департаментіне 10 рет және экология департаментіне 10 рет тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданған.
Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ауыз сумен қамту көрсеткіші – 84,7%.Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды.
Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға қаржы бөлініп, құрылысы жүруде. Құны – 243 млн. теңге, нысан қазан айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 43 абонент, 268 адам таза ауыз сумен қамтылады.Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерінде жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қыркүйек айына алу жоспарланған.
Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-мен 3 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде (Еңбекші Дихан, Ораңғай,Теке).
Ауыз су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша, С.Қожанов елді мекеніне жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ауыз су жүйесімен қамтуға құрылыс жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған 1 елді мекенге кешенді блок модуль орнату жоспарланған (Егізқара).
Сонымен қатар, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары 7 елді мекенде жүргізілуде (Серт, Ибата, Жүйнек, Қарашық, Құмтиін, Қосмезгіл, Қызылжол). Барлау жұмыстары қорытындысына сәйкес, аталған елді мекендерде жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысы жүргізілетін болады.
Соңғы 8 айдың қорытындысына сәйкес, Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареясынан қуат алуда (Егізқара елді мекені). Қазіргі таңда, Шорнақ, Қосмезгіл, Еңбекші Дихан елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзіреніп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған (құны – 1,3 млрд. теңге).
Сонымен қатар, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023 жылы Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт - 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт - 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады.
Меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-мен 14 елді мекенді сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде (А.Үсенов, Ескі Иқан, Бершінтөбе, Ынталы, Қаражон, Сауран, Ескі Сауран, Қосқорған, Құмтүйін, Шыпан, Шекербұлақ, Аша, Серт, Абай).
Табиғи газбен қамту мәселесіне келер болсақ, соңғы 8 айда Сауран ауданындағы 36 елді мекеннің, 11 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр (Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы). 2023 жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады (Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас).
Бүгінгі күнге, табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ (құны - 1,1 млрд. теңге), Қосмезгіл (құны - 1,6 млрд. теңге), Оранғай (құны - 2,9 млрд. теңге) елді мекендері, Жүйнек, Шыпан, Шекербұлақ, Қарашық және Құмтүйін елді мекендерінде (құны – 8,0 млрд. теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын қазан айында алу жоспарланған. Қалған ауылдық окургтерді (Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы) 2024 жылы жобалау жұмыстары жоспарланып отыр.
Жол-көлік инфрақұрылымы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар. Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Оның ішінде: 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар. «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде 11,2 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
- Жаңа Иқан ауыл округы, Ибата елді мекені, Бостандық, Ұлықбек, Б.Шалбаев көшелерін орташа жөндеу (2,8 шақырым);
- Ескі Иқан ауыл округы, Ескі Иқан елді мекені, Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, М.Ауезов, Сұлтан Қожа, Салауат көшелері және Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде Достық-2,4 көшелерін орташа жөндеу (6,35 шақырым);
- Үшқайық ауыл округы, Теке елді мекені, Молдағұлова, Абай, Үсенов, Бейбітшілік, Қонаев көшелерін орташа жөндеу (2,05 шақырым);
Сонымен қатар, 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 11,8 шақырымды құрайтын 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
- Жүйнек ауыл округы, Қуаныш, Ғасыр көшелерін орташа жөндеу (2,2 шақырым);
- Бабайқорған ауыл округы, Б.Майлин, С.Қожанова көшелерін орташа жөндеу (2 шақырым);
- Қарашық ауыл округы, Ақтанбаев көшесін орташа жөндеу (1,5 шақырым);
- Жібек Жолы ауыл округы, Т.Ерімбетов көшесін ораташа жөндеу (1,1 шақырым);
- Оранғай елді мекені, Мешіт көшесін орташа жөндеу (1,5 шақырым);
- Шаға ауыл округы, Фурхат, Жастар, Тағайлы, Темірқорған көшелерін орташа жөндеу (3,5 шақырым);
Сондай-ақ келесі жобаларға сараптаманың оң қорытындысы алынды:
- «Оранғай - Қосқорған» 12 шақырымдық автожолын күрделі жөндеу;
- «Бабайқорған - Абай» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
- «Шорнақ - Жібек Жолы - Ескі Сауран қалашығы» 15 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
- А.Үсенов ауылына кіре беріс 4 шақырым автожолын орташа жөндеу;
- Құмтүйін ауылына кіре беріс 3 шақырым автожолын орташа жөндеу;
- «Бабайқорған-Игілік» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу;
- «Майдантал-Қаражон» 6,3 шақырымдық автожолын орташа жөндеу.
Сонымен бірге, «Аша елді мекеніндегі аспалы көпір» нысанының құрлысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алуға жолданған.
Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан - Ескі Иқан» бағыты бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған. Ауданішілік 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталған (SAR Avto ЖШС). Қазіргі таңда субсидиялау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:
- Қаражон – Шорнақ - Қазақстанның 30 жылдығы – Шорнақ - Қаражон;
- Абай – Шорнақ - Қазақстанның 30 жылдығы – Шорнақ - Абай;
- Жалаңтөс - Қазақстанның 30 жылдығы – Жалаңтөс;
- Шорнақ – Құмайлықас - Шорнақ;
- Шорнақ - Ескі Сауран - Шорнақ;
- Шорнақ – Нұртас – Шорнақ.
Көгалдандыру және абаттандыру
Аудан орталығы Шорнақ елді мекенін абаттандыру мақсатында, бюджеттен қаржы бөлініп, келесі жұмыстар атқарылуда:
- Шорнақ елді мекеніндегі жол бойына қоршау орнату;
- Шорнақ елді мекеніне қоқыс жәшігі мен орындықтар орнату;
- Шорнақ елді мекені жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағын абаттандыру.
Сонымен қатар, аудан аумағын абаттандыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда:
- Сауран ауданына кіреберістеріне монумент орнату;
- Сауран ауданы аумағынан өтетін Батыс Қытай - Батыс Еуропа тас жолы бойын абаттандыру (3,4,5,6-кезең);
- Иассы ауыл округіндегі аллеяны қоршау жұмыстары;
- Иассы, Оранғай, Ескі Иқан, Бабайқорған, Жібек Жолы ауылдық округтеріне балалар алаңшаларын орнату;
- Қосмезгіл елді мекені, Кентоғай, Ш.Уалиханов көшелеріне жарық шамдарын орнату;
- Қазақстан 30 жылдығы елді мекені, Молда Мұса, Амангелді, Т.Рысқұлов, Новай 1,2, С.Шакиров, Фурхат көшелеріне жарық шамдарын орнату.
Сауран ауданы бойынша 10 полигон бар. Ағымдағы жылы 6 полигонды қоршау жұмыстары жүргізілуде (Жібек Жолы, Майдантал, Бабайқорған,Жүйнек,Қарашық, Жаңа Иқан). Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау бойынша тариф бекітілді.
Жайлы тұрғындар үшін - 43 теңге,
Жайлы емес тұрғындар үшін – 125 теңге,
Жеке кәсіпкерлер үшін – 705 теңге.
Құрылыс саласын айта болсақ, соңғы 2023 жылдың 8 айында Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде, тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі 26 елдімекен бас жоспар мен оңтайландырылған жобалармен қамтылған. Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 4 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды пайдалануға тапсыру 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Сонымен қатар, білім саласында Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 150 орындық мектептің құрылысы жүруде. Құны 697,0 млн. теңге. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысына демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылған. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қазан айының соңына дейін алу жоспарлануда.
Мәдениет саласында Бабайқорған ауыл округі, Бабайқорған елді мекенінде клуб, кітапхана құрылыс нысаны бойынша жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сметалық құны – 397 млн. 643,0 мың тенге. Құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға 2024 жылдың бюджетіне ұсынылып отыр. Сонымен қатар, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында «Мәдениет үй» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қыркүйек айының соңына дейін алу жоспарлануда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке енгізілетін болады.
Спорт саласында Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында «Спорт кешені» құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп сараптаманың оң қорытындысы алынды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс енгізіледі. Сонымен қатар, Жаңа Иқан ауыл округі, Ибата елді мекені, Үшқайық ауыл округі, Теке елді мекені және Бабайқорған ауыл округі, Абай елді мекенінде «Спорт зал» құрылысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда. Сондай-ақ, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде «Спорт зал» салу үшін демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2023 жылғы қараша айының соңына дейін алу жоспарлануда.
Әлеуметтік салада Оранғай ауыл округі, Оранғай елді мекенінде 200 орындық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығының құрылысы жүруде. Құны 2 млрд. 400,0 млн. теңге. Нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Оранғай ауыл округінде сиымдылығы 50 орындық психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы жүруде. Жоба құны – 3,2 млрд. теңге. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі.
2023 жылдың 8-11 тамыз аралығында Сауран ауданы аумағында орналасқан 18 жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарға маркшейдер мамандарымен бірлесе мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.
Жер қойнауын пайдалану мәселесіне келсек, аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жалпы 13 келісім шарт және 20 лицензия тіркелген. Жалпы саны 33. Оның ішінде басым көпшілігі Шорнақ ауылдық округінде орналасқан (15).
2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша жұмысшы топ өкілдері заңсыз жер пайдаланушыларды анықтау мақсатында 43 рет аралау жұмыстарын жүргізді және 3 рет жұмысшы топтың жиналысы өткізілді. 102-сымтетігіне 13 рет хабарлама беріліп, ішкі істер органдарына тіркелді. Сонымен қатар, 23 ауыр жүк көліктері айыптұраққа қойылып, жалпы соммасы 2,7 млн. теңге айыппұл салынды. Облыстық жер ресустарын басқару департаментіне 10 рет және экология департаментіне 10 рет тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»