Жұма, 09 Маусым 2023 22:52

Түркістан облыстық ТЖД дауыл болатынын ескертеді!

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылғы 9 маусым 21 сағат-10 маусым 21 сағат аралығында дауыл болатынын ескертеді. Сондай-ақ, 10 маусым күні Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі деген болжам бар.

«Түркістан қаласында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады» - делінген департамент таратқан мәліметте.

Дауылды жел — жиі болатын табиғи апат. Кез келген қатты жел қыста боран туғызып, жазда құм мен шаңды ұшырады. Егер желдің күшеюі кезінде топ болып ашық далада қалсаңыз, бірден пана табуға кірісу керек. Бұл — апатқа ұшырағандар үшін әрі негізгі жалғыз қауіпсіздік шарасы.

Шөлде не шөлейтте ық жерге жатқан дұрыс. Ол тас, қалың бұта немесе, тіпті, өлген жануардың денесі болуы мүмкін. Киімді қымтап, құм мен шаңнан қорғану үшін шүберекпен тыныс жолдарын жабыңыз. Қасыңызда ауызсуы бар құты болғаны абзал .

Тауда шың, асу, шұңғыма шатқалдар сияқты аэродинамика жағдайы нашар, әсіресе, жел бағытына параллель жерлерден алыс кеткен жөн. Мұндай кезде ықтасын, қалың орман, шомбал тау жынысы сияқты қауіпсіз орындарды іздеу қажет. Сөйте отыра тас құлауы мүмкін және қар көшкіні қаупі бар жерлерден қашу керек. Дауыл кезінде мықты бекітілген шатырдың өзінен гөрі жақсылап салынған панада тығыла тұрған анағұрлым қауіпсіз.

Жел кезінде  (14-17 м/сек) көшеде қондырылған жарнамалық щиттер, жеке тіреуіште  тұрған транспараттар, жарықдиодтық паннолар құлауы  мүмкіндігін ескеру керек.    Дауылды жел кезінде (дейін 24 м/сек)  қаладағы ағаштар құлап, электр жарығын беретін сымдар үзілуі мүмкін.  Сымдардың үзілуінен от ұшқынынан өрт болуы мүмкін.

 Қатты жел кезінде (28,4 м/сек дейін) құрылыстардың кейбір жерлерінде бұзылулар пайда болады, яғни үйлердің шатырлары ұшып, терезелер де сынуы мүмкін. Ағаштардың, құрылыс құрылғыларының  құлауы өту жолдардың және автомагистралдардың жабылып қалуын туғызып, кедергі келтіруі мүмкін.  Дауылды жел кезінде  (32м/сек және одан да көп) кешенді құрылғылардың, электркөліктерінің байланыс жүйесінде, электр жарығын беру коммуналдық –энергетикалық желілерде, автокөліктерде күрделі бұзылулары болуы мүмкін. 

Дауылды жел қаупі туған кезде:   

Алдын ала қабылдағыштарыңызға батарейлерді дайындап қойыңыз, ол ТЖ және жергілікті органдардың хабарламаларын тыңдау мүмкіндігін береді, сонымен қатар шамдармен, олар - электр жарығымен қамтамасыздандыруда ауытқу болған жағдайда қажет болуы мүмін.

Балкондарыңызға ревизия - тексеріс жүргізіңіздер.  Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекіту керек немесе бөлмеге кіргізу керек. Жеке автотранспорттарды ағаштардың жанынан және ескі құрылғылар маңынан алып тастау қажет. Қатты жел кезінде жарақаттанып және зардап шегіп қалмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтау керек: желдің күшеюі кезінде ғимараттан шығуға шектеу қойыңыз. Балаларды қараусыз тастамауды ең маңызды бақылауға алу қажет.

Егер қатты жел Сіз далада болған кезде болса,  жер асты өту жолдарында немесе ғимарат подъездерінде күтуіңізге болады. Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін.

 Қоғамдық көлік аялдамалардың, жаднама щиттарының, салынып бітпеген құрылыстардың, ағаштардың жанында тұрмаңыз. Қатты жел кезінде электр беру сымдарының және үзілген электр сымдарының қасында тұру қауіпті. Қауіп кезінде және құтқару іс - шараларын жүргізу қажеттілігінде 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.       

Құйын да — өмірге аса қауіпті апаттардың бірі. Оның дәл ортасындағы жылдамдығы 100 м/с-ке дейін барады, көлденең жылдамдығы сағатына 30-40 шақырымға жетуі мүмкін. Ол кезде бұтақ, ұсақ тас пен өзге де табиғи және жасанды қалдық үлкен жылдамдықпен жоғары көтеріледі. Өзге дауыл мен боран түрлеріне қарағанда құйын ондаған метрден жүздеген метрге дейінгі жіңішке жолақпен қозғалады. Сондықтан одан қашып құтылуға мүмкіндік бар. Ол үшін құйынның бағытын анықтап, соған қарсы кету керек. Егер құйынның тап ортасына түсіп қалсаңыз, жерге бекітілген заттан жақсылап ұстап, бетіңізді, әсіресе, көзіңізді матамен жабыңыз, үстіңіздегі кең, желбіреген киімнен құтылуға асығыңыз.

Егер боран, дауыл не құйын кезінде үйде болсаңыз, метеорологтар мен жергілікті  азаматтық қорғаныс қызметінің кеңесіне құлақ асып, аулаңыздағы шаруашылық заттарын бекітіңіз. Әсіресе, бұл ұзын тақтай, шере, шифер, шатырға арналған қаңылтыр сияқты жеңіл, бірақ ауданы үлкен құрылыс материалдарына қатысты. Олар айналаға көптеген залал келтіруі мүмкін: электр желісін қиып, автокөліктің кузовын сындырып жібереді. Жел ұшыруы мүмкін осындай заттарды өзара байлап, ауыр затпен басып қою керек. Оны ағаштан салынған қора-қопсыға қою тиімсіз. Себебі мұндай қораның өзі желге шыдамауы мүмкін.

Ескі шаруашылық нысандарын шатырдан өткізіліп, екі ұшы жерге бекітілген сыммен қатайтып қою керек.Шамамен желге қарсы беттегі терезені жақтаумен қорғаған абзал. Егер жақтау болмаса, тақтайды шегемен қағып қоюға болады. Керісінше, жел ұрмайтын жақтағы терезе мен есіктерді ашып, сол күйінде тіреп қою керек. Егер бұл әрекеттерді істемесе, үйдің іші мен сыртындағы атмосфералық қысымның түрлі болуынан ауа сиреп, есік пен терезелер ұшып кетеді.

Электр қуатын алдын ала өшіріп қою керек. Оның орнына майшам, батареялар мен «жарқанат» сияқты шамдарға арналған керосин қорын жинап қойыңыз. Сонымен қоса, керосин мен примус болғаны да жөн, себебі дауыл немесе құйын бірнеше сағатқа немесе күнге созылса, тамақ пісіріп ішуге болады. Үйдің ішіне азық-түлік пен ауыз су қорын толтырып қою керек. Егер қыс мезгілі болса, отынды да жинап қойған дұрыс.

Дауыл, боран не құйын келе жатқаны туралы ақпарат түссе, сіз үйіңіздің беріктігіне күмәндансаңыз, жерасты бөлмеде немесе жерқоймада өмір сүретіндей жағдай (жерге төсейтін кілем, жылы киім, су, азық-түлік, жарық құрылғылары және күрек пен балта) жасап қою қажет. Қар жоқ кезде дауыл тұрғанда ескі үйді тастап, аулада тез арада қазылған окоп-траншеяда болған дұрыс. Ол жел кезінде құлауы мүмкін бағана, қабырға сияқты нысандардан аулақ жерден қазылуы керек.

Қатты жел кезінде есік-терезе жанында тұруға болмайды, ал егер үйдің қабырғасында жарық пайда болса не үй шайқала бастаса, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын жасау керек. Мысалы, есік ойығына немесе бұрышқа тұру.

Дауыл кезінде далалық алқапта болсаңыз, ағаштардан аулақ тұрып, шұңқыр немесе жыра тауып алып, сол жерге басыңызды қолмен жауып жатыңыз. Кең киімнің түймелерін түгел тағып, оны сыртынан дененің бірнеше жерінен орап тастаған жөн.

Найзағайдан қорғану ережелері

Найзағай әрқашан ең биік нүктеге соғады, сондықтан ағаштың астына жасырынуға болмайды. Ашық кеңістікте немесе алаңда қалып қойсаңыз, шұңқыр тәріздес ойылған жерді тауып алып, соның ішінде қозғалмай отыруыңыз қажет. Егер үйде немесе басқа жабық бөлмеде болсаңыз, есіктерді, терезелерді және желдету тесіктерін жауып қойыңыз. Компьютер, теледидар, радио және т.б. электр құрылғыларын рәзеткеден суырып тастаңыз.

Судан аулақ болыңыз, өйткені, ол жақсы тоқ өткізгіш. Судың маңына түскен найзағай соққысы, 100 метр радиусқа дейін таралады. Сол себепті, жаңбыр кезінде өзенде шомылмаңыз, балық ауламаңыз және жағада тұрмаңыз. Велосипедпен немесе мотоциклмен келе жатқанда найзағай басталса, көлігіңізді тоқтатып, одан 30 метр қашықтыққа алыстаңыз. Егер автокөлікпен келе жатсаңыз, терезелерді жауып, жауын тоқтағанша күтіңіз. Бұндай кезде ұялы телефонмен сөйлесу өте қауіпті, оны өшіріп тастаған дұрыс. Телефонның кесірінен зардап шеккен жағдайлар белгілі.

Сондай-ақ, металл заттардың барлығын үстіңізден шешіп тастаңыз (сағат, сақина, алқа). Шар найзағаймен (шаровая молния) кездесіп қалсаңыз, қашпаңыз және оқыс қимыл жасамаңыз, өйткені ауа тербелісі жарылысқа әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда – бетіңізді қолыңызбен жауып, жайлап артқа шегініңіз немесе жерге жатып, басыңызды қолыңызбен жабыңыз.

Найзағай соққанда алғашқы көмек

Егер найзағай адамға тиетін болса, оған жедел түрде медициналық көмек көрсету керек. жәбірленушіні ыңғайлы жерге жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз; терісі күйіп қалған болса, жедел жәрдем келгенше киімін шешпеңіз; егер есінен танып қалса, тыныс алуын және артерияның пульсін тексеріңіз. Нашар болған жағдайда, жүрек массажын және қолдан дем алдыру әрекеттерін бастау қажет; тыныс алу жолдарының жақсы өтуін қамтамасыз ету үшін, адамды арқаға жатқызып,  басына жастық қою керек. Бұл кеңестер – сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Абай болыңыз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 351 рет