Оқиға орнына жеткенде 1946 жылы туылған азаматтың 2023 жылғы 8 маусым күні таңғы сағат 6:00 шамасында үйінен шығып, қайта оралмағандығы анықталды.
Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД және Полиция департаментінің қызметкерлері, волонтерлар мен туыстары жұмылдырылды. Жұмылдырылған жеке құрам саны 94 адам, 14 бірлік техника. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Жалпы, жазатайым оқиғалардың көпшілігі суға байланысты болып табылады. Олардың басым көпшілігі өзін-өзі ұстау мен қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеуден туындайды. Су айдынындарында суға тұншығу жағдайлары өкінішке орай өте жиі кездеседі. Белгісіз су қоймасында шомылудың соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін: я боламаса су түбінде жатқан заттар сізді жарақаттауы ықтимал.
Дененің құрысып қалу жағдайы – судағы ең көп таралған себептердің бірі. Егер сіз бір аяғыңыз тырысса екінші аяғыңызбен жүзуге мән бергеніңіз абзал. Иә, тәжірибелі жүзгіш аяқ немесе қолдың көмегінсіз де біршама жер жүзе алады, бірақ бұл жерде құрысу өте күшті болуы ықтимиал және адам кенеттен ауырсынуды сезінуі мүмкін. Суға батудың ең басты себептерінің бірі адам су жұтып қояды. Сондай-ақ адам бірден суық суға түскенде құрысулар орын алады. Су түбіндегі әртүрлі заттарға (бөренелер және т.б.) соқтығысу салдарынан көбінесе адамдардың батып кету жағдайлары орын алып жатады.
Ал оған адамның сасқалақтап дүрбелеңге түсуі қауіпті күшейте түседі. Мысалы: адам алысқа жүзіп, кейіннен қорқып немесе судың тереңдігін сезініп дүрбелеңге түсуі ықтимал. Әдетте тәжірибесіз жүзушілермұндай жағдайлармен жиі ұшырасады.
Сырт көзге жайбарақат ағып жатқан секілді болып көрінетін қарапайым судың өзінде су бұрқақтар мен су асты ағындары болуы ықтимал. Ал мұндай жағдайды топшылай бәлмеген жанға қауіп төнуі ықтимал. Әрине су ағыны батыра қоймаса да, адамды жағадан біршама алысқа ұзатып алып кетуі ықтимал. Сондай-ақ, сіз желді күндері шұғыл пайда болатын тұншықтырғыш алып толқындар туралы ұмытпағаныңыз абзал.
Суға бату-суға батқан адамдардың демалу жолдарына сұйықтықтың толып қалуының нәтижесінде демалу бұзылып, тұншығудың болуы. Зардап шеккен адамның терісі бозарады, беті мен ерні қарайып кетеді, дем алмайды, тамыр соғуы өте әлсіз болып (немесе мүлдем болмайды), аузы мен мұрын қуыстарында көпіршіктер ағады. Бұл кезде зардап шеккенді қараусыз қалдыруға болмайды. Кез келген сәтте жүрегі тоқтап қалуы немесе бас миының және өкпесінің ісінуі өршіп кетуі мүмкін.
Зардап шеккен адамға көмек көрсетерде өз қауіпсіздігіңізді естен шығармаңыз. Сабыр сақтап, егер суға кетуші су бетінде болса, онда оны артқы жағынан ұстау қажет. Ал суға кетсе судың астынан іздеп, шашынан не қолынан тартып, су бетіне шығару керек. Өзіңіз не айналадағылардан «Жедел жәрдем», яғни «103-ті» шақыртыңыз. Алғашқы медициналық көмекті 4-5 минут ішінде көрсетіп үлгеру керек. Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсету мүмкіндігінше тездетіп оттегі жеткіліксіздігін қалпына келтіруден тұрады.
«Су - тілсіз жау». Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау болып табылады.Осы айтылған барлық қауіпсіздік шаралары мен ережелерін қатаң сақтайтын болсаңыздар, өздеріңізді, барлық жақындарыңыз бен достарыңызды қауіп-қатерден аман алып қала аласыз. «Өз өмірің өз қолыңда» екенін ешқашан естен шығармаңыз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»