Рейдтік іс-шара Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік аумағында орналасқан облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы су бұрқақта, Арыс-Түркістан каналы бойында және маңындағы тұрғын үйлерді қамтыды.
Су – тіршілік көзі. Ол болмаса адамзаттың өмір сүруі мүмкін емес. Сонымен қатар, ата-бабаларымыздың от пен су – тілсіз жау деген ескертулерін есімізден шығармауымыз керек. Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімдерімен жергілікті жерлерде судағы қауіпсіздікті сақтау, арнайы суға түсуге белгіленбеген орындарда суға түспеу, ата-аналардың жаз маусымында балаларын қадағалаусыз қалдырмау жөнінде ескертпе, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанымен облыс бойынша жыл сайынғы көрсеткіштерге қарасақ адамдардың жазғы суға түсу маусымында қаза болу оқиғалары азаяр емес. Биылдың өзінде Түркістан облысында 21 адам суға кетіп, ажал құшқан. Оның 15-і балалар.
«Бұл адамдардың қайғылы оқиғаға ұшырауының басты себебі тыйым салынған және қауіпті жерлерде суға шомылған. Суға шомылу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған. Ата-аналар балаларға абай болулары керек. Балалардың қай жерде не істеп жүргенін әрдайым бақылауда ұстау керек. Қазіргі таңда көптеген көл-тоғандар шаруа қожалықтарға ұзақ мерзімге жалға берілген. Осы шаруа қожалықтардың төрағалары өздеріне бекітілген су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, қауіп-қатерлердің алдын алулары шарт» - дейді түркістандық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Жаз мезгілінде өзен, көлдердің жағасында уақыт өткізген жақсы-ақ. Жағажайда демалып қана қоймай, денсаулықты да нығайтуға болады. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетін арттырады. Алайда,су айдындарының барлығына суға түсуге рұқсат етілмеген, суға түсуге жарамды болып бекітілмеген. Жаздың ыстық күндері денені салқындату үшін суға шомылатынымыз барлығымызға мәлім. Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасақ, қауіпті жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағдайда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек.
Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғымыз келіп отыр. Бірінші кезекте мыналарға:
- алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;
- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;
- жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;
- жүзуге арналмаған заттармен пайдалануға;
- техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;
- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.
Әрбір адам суға шомылғалы жатқан су айдындардың қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір кесектері, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін. Жақын жерде жүзіп бара жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару аса қауіпті.
Суға шомылар алдында су айдындарын тексеру қажет: суға шомылуға арналған орын құмды жағалауда және суға түсуге ыңғайлы болуы тиіс; суға шомылуға арналған орын суда өсіп тұрған ағаштардың, суға батқан бөрененің, түбінде шұңқыр мен ойықтың жоқтығын тексеріңіз.
Ұзақ уақыт бойы суға шомылу да адамдардың денсаулығына қауіпті, суға шомылу ұзақтығы негізінен ауа температурысына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн. Суға шомылудың аса қолайды режимдері:
- су температурасы +180, суға шомылу уақыты 6-8 минут;
- су температурасы + 200, суға шомылу уақыты 10-12 минут;
- су температурасы +200, суға шомылу уақыты 15 минутке дейін.
Сонымен қатар тамақ ішкеннен соң 1,5 сағаттан кейін ғана суға шомылған жөн.
Адамдардың суда қайғылы оқиғаларға ұшырауының басты себебі – жүзе білмеуі болып табылады. Жүзе білмеген адамға кенеттен түбі терең жерге барып қалу жеткілікті, қатты ағын немесе толқынның соғуы салдарынан адамдар тез арада өзін-өзі ұстай біледі, судан булығады және суға батады.
Адамдардың суда қаза болуының себептерінің бірі – тәжірибелі жүзушілердің өзін суасты ағыны ерік бермей тартады. Әсіресе, түбі анық көрінетін өзендер мен көлдер, су астындағы жартас шоқысы, тіреуіші, суға батқан зәкір, бөрене және т.б. сүңгуге қауіпті болып табылады.
Көбінесе, кенеттен сіңір тарту адамдардың қозғаласына кедергі келтіру салдарынан суға батып кетіп жатады. Сіңір тартудың себептері суда дененің тоңуы, бір қалыпты жүзу кезінде бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінен оның жиырылуы, су температурасының ауысуы болып табылады.
Сіңір тартқан жағдайда не істеу қажет:
1) Бірінші кезекте міндетті түрде жүзу стилін өзгертіңіз, арқаға жатып жүзіңіз, судан тез арада шығуға немесе жағалауға жақындауға тырысыңыз;
2) Қол саусақтарының тартылуын сезінген жағдайда қол білегін жұдырыққа түйіңіз, қолды сыртқа серпіп, жұдырықты ашу қажет;
3) Балтыр бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде иіліп, зардап шеккен аяқтың табанын екі қолмен құшақтап, күшпен оны өзіңізге қарай тартыңыз;
4) Сан бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде аяқты сирақтан төмен сыртқы жағынан қолыңызбен ұстап, оны тізеге бүгіп арқаға қарай тартыңыз. Егер қолыңыздың және аяғыңыздың сіңір тартуы басылмаса, амалдарды тағы бір мәрте қайталаңыз. Қосылған бұлшықеттің жұмысы сіңір тартудың басылуын тездететінін есте сақтаған жөн.
Суға шомылу кезінде шектеулер немесе тыйым салынатын бірқатар ауру түрлері бар. Мәселен, жүрек ауруы кезінде суға шомылғанда абай болу қажет. Осы аурулар кезінде температура күрт өзгеру салдарынан жүрек талмасы ауруына ұшырауы мүмкін. Естен тану сырқаты бар, құлақ ауруы бар адамдарға суға шомылумен әуестенуге болмайды. Әсіресе, құлақтың ішіне суық судың кіруі өте қауіпті. Суық су құлаққа кіріп, жарты иірім өзектерді түршіктіріп бас айналу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуі мүмкін.
Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз:
– Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз;
– Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті;
– Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек;
Тыйым салынады:
– Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;
– Қатты толқын кезінде суға түсуге;
– Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жіберуге;
– Камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түсуге;
– Салқын суда ұзақ болуға, суда ұзақ болу денені салқындатады;
– Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болуға;
– Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналысуға.
Барлық балалар ережелерді есте сақтау керек:
– Суға тек арнайы жерлерде түсу;
– Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;
– Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;
– Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;
– Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
– Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
– Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
– Суға тек қасыңда үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»