Жиын барысында лагерь өкілдеріне балалардың жазғы демалыс кезіндегі лагерь ғимаратарының Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығының талаптарын қатаң сақтау түсіндіріліп, өрт қауіпсізідігі талаптары жазылған ескертпе парақшалары ұсынылды.
Мектептерде көптен күткен демалыс келді. Осыған байланысты, жүздеген және мыңдаған жасөспірімдер оқу жылынан кейін демалыстың бір бөлігін өткізетін лагерьлер мен санаторийлерге барады.
Ағымдағы жылдың маусымдық сипаты мен ауа райы жағдайларын ескере отыра, лагерьлердің өртке қарсы жағдайына басты назар аударылады. Олардың едәуір бөлігі қала сыртында, соның ішінде орманды дала аймағында орналасқан. Тәжірибе көрсеткендей, жазғы демалыс кезінде қала сыртындағы балаларды сауықтыру мекемелерінде өрттер пайда болады.
Осыған байланысты, мамандар каникулды жаман естеліктермен бүлдірмеу үшін жазғы лагерьлердегі өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын еске салады.
Лагерь басшысы бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігіне жауап беретіндіктен, оған келесі міндеттер жүктеледі: әрбір жасаққа (топқа) және барлық үй-жайларға жауапты тлғаларды тағайындау, педагогикалық құраммен және қызмет көрсететін персоналмен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқама жүргізу (айына кемінде 1 рет), балалармен отпен ойнауға жол бермеу және лагерьде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау туралы үнемі әңгімелесу.
Лагерьлер әдетте орманмен шектеседі, сондықтан оның периметрі бойынша ені кемінде 4 метр болатын минералданған жолақ өтуі керек. Ол оттың жақын ағаштарға таралуына мүмкіндік бермейді. Лагерь аумағы мен үй-жайлары таза ұсталуы тиіс. Жанатын қоқыс пен қалдықтарды үнемі арнайы бөлінген орындарға шығару керек.
Өрт туындаған жағдайда лагерь әкімшілігі мен тәлімгерлердің іс-әрекеттері бірінші кезекте ол туралы дереу өрт күзетіне хабарлауға, балалар мен лагерь қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды эвакуациялауға, сондай-ақ өртті сөндіруге жіберілуге тиіс.
Кез келген өрттің нәтижесі көбінесе өрт күзетінің қаншалықты уақтылы шақырылғанына және барлық қызмет көрсететін персоналдың дайындығына байланысты.
Өрт, жану белгілері, күйік иісі немесе түтіндеу байқалған барлық жағдайларда лагерьде өрт немесе тұтану байқалған әрбір адам:
- өрт туралы «101 немесе 112» телефоны бойынша өрт күзетіне хабарлау (мекеменің мекен-жайын, өрттің шыққан жерін, жанып жатқанын және балаларға қауіп бар-жоғын нақты көрсету, өзінің аты-жөнін және телефон нөмірін көрсету),
- лагерь бойынша дабыл беру;
- балаларды үй-жайлардан эвакуациялауға кірісу (алдымен балаларды өрт шыққан үй-жайдан және өрттің таралу қаупі төнген үй-жайлардан шығару);
- эвакуацияланған балаларды қауіпсіз жерге шығаруды қамтамасыз ету;
- балаларды тізім бойынша тексеру;
- алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіруге кірісуге міндетті.
Есіңізде болсын! Өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай.
Табиғатта, орманда, алау жағып достарыңмен уақыт өткізген өте жақсы екенін барлығы жақсы біледі. Бірақ, осындай демалысты қалай ұйымдастыру керегін білу қажет. Алауды жағу кезіндегі сақтауға қажетті ережелер бұл - алауды су көздерінің маңында жағу, алау отының орнын құрғак шөптен тазалау, салбыраған бұтақтардың маңында алау жақпау, алау орнын қазып және таспен қалау.
Табиғатта өрт пайда болған жағдайда, шамалы жанудың маңынан өтіп кетпеңіз, мүмкіндігінше сөндіруге шаралар қабылдаңыз. Отты жасыл бұтақтарынан жасалған сыпыртқымен, қап матасы, брезент матасымен, киімдермен сөндіріп көріңіз. Отты жауып, шетке сыпырып тастап, кішкентай от ошақтарын аяқпен басып тастау керек. Тағы бір көп тараған тәсіл – оттың үстін жер құммен көміп тастау керек. Егер өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса – құтқарушылардан көмек сұрап, тез арада қауіпті орыннан кетуге тырысыңыз.
Балалар лагерлерінің өрт қауіпсіздігіне, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауына және өртке қарсы шараларын уақытылы орындауға лагердің басшысы жауап береді. Жеке жайлардың өрт қауіпсіздігін, өртке қарсы ережелердің талаптарын сақтауға және уақытында өртке қарсы іс-шараларын өткізуіне, басшының бұйрығымен осы жауапкершілік артылған лауазымды тұлғалар (тәрбиелеуші, бала шығармашылық үйірмесінің басшысы, асхана және қойма меңгерушісі) жауапты.
Балалар сауықтыру лагерінің басшысы тәрбиелеушілермен, медицина және күту қызметкерлері құрамымен өрт қауіпсіздік ережелерін оқып үйренуге; жайларды қажетті өрт сөндіру және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге, кезекші қызметкерлерді - электр энергиясын өшірген жағдайда электр қол шамдармен қамтамасыз етуге; балалар және қызметкерлер болатын ғимараттарда пиротехникалық бұйымдар, тұтанғыш сұйықтық, жанғыш сұйықтық және басқа өртенгіш заттар мен маталарды сақтауға жол бермеуге; өрт пайда болған жағдайда балалардың, адамдардың және материалды құндылықтардың эвакуациялау жоспарымен және осы жоспарларға нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге, осыған сәйкес жарты жылда бір рет оларды машықтау бойынша тәжірибелік сабақтар өткізуге; әр ғимаратты, үй-жайды, лагерь аумағының учаскесін өрт пайда болуы мүмкін жағдайда өрт сөндіру және байланыс құралдарымен, дабыл беру жабдықтарымен, көрнекі үгіт-насихатпен, өрт қауіпсіздік белгілермен, адамдарды хабарландыру жүйелерімен қамтуға және олардың жарамды жағдайын қамтамасыз етуге жауапты.
Қызметкерлер құрамы кезекшілікке тұрған кезде: лагердегі балалардың санын білуі, алғашқы өрт сөндіру және телефон байланысының болуын және пайдалануға дайындығын тексеруі тиісті. Лагерь аумағында, ғимараттарында: арнайы орындардан басқа жерлерде шылым шегуге; алау жағуға, қоқыс өртеуге, пиротехникалық заттарды қолданып отшашуларды атуға; ғимараттарға және сукөздеріне өтпе және кіре беріс жолдарын қазуға тыйым салынады. Жиһаздарды орналастыру эвакуациялық жолдарды, өтпе және кіре беріс жолдарды бітеп тастамауы, адамдардың еркін өтуіне кедергі жасамауы керек.
Лагерь басшысы (немесе оның орнын басатын тұлға) өрттен қорғау жүйелерін штаттық жаттыққан мамандардың күшімен білікті пайдалануын қамтамасыз етуге, оларды жұмысқа жарамды жағдайға келтіруге дереу шараларды қабылдауға міндетті.
Өрттен сақтану ережелері:
Электр желісінен аулақ болу.
Электр пештерінен аулақ болу.
Өрт байқаған кезде тез арада лагерь меңгерушісіне немесе тәрбиешілерге хабарлау.
Сіріңке мен жарылғыш заттарды пайдаланбау.
Үтікті және электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау және оларды қараусыз қалдырмау.
Өрт болған жағдайда сыртқа шығу және кішілерге көмек беру.
Күйіп қалған жағдайда медициналық көмек көрсету.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»