Бүгін Абай ауылының әкімі Е. Тастемірұлы мен әкімнің орынбасары Н.Аменгелдіұлы және аппарат қызметкерлері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен учаскелік полиция қызметкерлері ауылдағы «Ошақты» каналы мен «Келес» өзені жағалауларын аралап, бақылау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы ұсыныстарды талқылады. Атап айтқанда Абай ауылындағы 4 аумаққа кезекшілік қою, кейбір аумақтарға қоршау орнату және жауапты қызметкерлердің су айдындарында рейдтік жұмыстарының кестесі ұсынылды.
Шомылу маусымы басталмай, Түркістан облысы бойынша суға кету бойынша 20 жағдай тіркеліп отыр. Оның 15-і жасөспірімдер. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын алу бағытында ауыл тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін назарға алу керектігі айтылды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары суға шомылу маусымында рұқсат етілмеген жерде суға түспеу керектігін ескертіп, шомылуға рұқсат етілген жерлерде төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Ата-аналар назарына!
Тұрғындарды жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін қалай ұстау қажеттігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!
Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан жасалған немқұрайлық орны толмас жағдайларға апарып жатады.
Балаларыңызды сақтаңыздар!
Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады!
Тыйым салынған орындарда суға түсуге тыйым салынады!
Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады!
Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға тыйым салынады!
Суда ойнауға тыйым салынады!
Жалған дабыл беруге тыйым салынады!
Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге тыйым салынады!
Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге тыйым салынады!
Тамақ ішкен бойда суға түсуге тыйым салынады!
Суға мас күйде түсуге тыйым салынады!
Таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынады!
- суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз;
- суға абайсызда түсіп кететін жерлерде, көпірде, ылди жағада, кемелер тұратын жерлерде тұрмаңыздар және ойнамаңыздар;
- егер жүзе білмесеңіз, суға беліңізден төмен тереңдікке түспеңіз, сүңгімеңіз, әсіресе таныс емес жерлерде сүңгімеңіз;
- күн қатты түсіп тұрған жерлерде қыздырынбаңыз;
- судың температурасы 20 градус болуы керек, су ішінде 20 минуттан артық жүрмеңіз, бұл уақытты біртіндеп 3-4 минутқа қосылып отыруы керек;
- күнге ұзақ қыздырынғаннан кейін суға бірден түспеңіз, деміңіз бітіп, бұлшықеттеріңіз тартып қалуы мүмкін;
- белгіленген буйкалардан асып жүзбеңіз, жағадан алыс ұзамаңыз;
- кері қайту жолды ұстану қажет;
- кеме тұтарын жерлерге жақын малтымаңыз;
- кеме келе жатқан жерлерге жақын бармаңыз, кеменің толқыны сізді айдап әкеліп, астына кіріп кетуіңіз әбден мүмкін;
- қайықтан, құлама жағадан бірден суға секірмеңіз, басыңызды қатты затқа соғып алуыңыз мүмкін., бұл зат немесе ағаш тамырлары да болуы мүмкін;
- суда алысуға, бір-бірін шошытуға болмайды, егер абайсызда ойнаймын деп шошытып алсаңыз, суға тұншығып қалуы мүмкін;
- қайықты шамадан тыс толтыруға болмайды, жиегіне отыруға болмайды;
- қайыққа міндетті түрде алдыңғы жағынан міну қажет, сонда қайық тепе теңдікті сақтайды.
Тыйым салынады:
– жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге;
– қатты толқын кезінде суға түсуге;
– үлкендердің қарауынсыз балаларға суға түсуге;
– камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түсуге;
- 16 жасқа толмаған балаларға ата-аналарынсыз қайыққа мінуге;
- салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
- егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
- Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
- Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
- Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.
IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері
- Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
- Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.
- Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.
V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет
Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.
- Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
- Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
- Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.
VI. Суық судың қауіптілігі
Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.
Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3
минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.
VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек
Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.
- қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу;
- қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.
- Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.
- Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан - мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»