Сейсенбі, 30 Мамыр 2023 18:08

Отырар: биылғы 5 айда 416 еңбекші көшіп келушіге рұқсат берілген

«Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша Отырар ауданында 2023 жылдың 5 айында  524 өтініш келіп түскен.

Оның 416 азамат рұқсат алып, 19 азамат рұқсатты ұзартса, 89 азаматтың құжаттарының дұрыс болмауына байланысты бас тартылған.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша көрсетілетін қызметті онлайн қалай алуға болады?

Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн сұратым» батырмасы бойынша өтіңіз. Барлық міндетті алаңдарды толтырыңыз және файлдарды тіркеңіз. Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильдік азаматтар базасында тіркелу міндетті).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет. Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да көрсетілетін қызметті қалай алуға болады: (қажетті құжаттар):

Бастапқы өтініш беруі кезінде:

Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар паспорт (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама (075/у нысанындағы медициналық анықтама).

Дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама – 6 нысан бойынша (көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді).

Медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру" проактивті мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін:

Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

Еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Еңбек қызметіне рұқсат алу және көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға/ұзартуға құжаттар беруі толығымен онлайн, тек «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.

Елде 30 күнге дейін болатын шетелдіктердің барлық санаттары үшін уақытша тіркеу заңнамалық деңгейде жойылды. Инвестор мәртебесі бар шетелдіктер тіркеуден босатылады, олар үшін визалардың қолданылу мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылады.

Көші-қон қызметі не атқарады?

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасның Ішкі істер министрлігіне қарасты Көші-қон қызметі көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат»

Оқылды 426 рет