Super User

Super User

Түркістан облысы: Ордабасының көркін арттыру аудан басшылығының жіті назарында

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудан орталығы Темірлан елдімекенінде жүзеге асырылып жатқан көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы ауқымды жобалардың орындалу барысын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады. Аудан басшысы әр нысанда атқарылған жұмыстардың сапасына, мерзімдік орындалуына және эстетикалық талаптардың сақталуына жіті назар аударып, жауапты мекемелердің жұмысын қадағалады.

Түркістан облысы: тарихи-мәдени орындардың инфрақұрылымын жақсарту мәселесі қаралды

Мемлекет басшысы мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда өңірдегі тарихи-мәдени мұра насындарын сақтау және осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қазығұрт ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қазығұрт ауылының орталық алаңында аудан прокуратурасы мен аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.  Іс-шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Әшірбаев Мұхамедғали Шыршықбайұлы мен аудан прокурорының орынбасары Баймағамбетов Бақытжан Кеңесұлы сөз сөйлеп, жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы аумағынан кірпіш зауытын салу мәселесі тақыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында:«Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі», – деп атап өткен болатын. Осы ретте, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мәселелері бойынша шетелдік инвесторлармен кездесті.

Осы RSS каналға жазылу