Super User

Super User

«Altyn Bank» АҚ Түркістан облысында бірқатар перспективалы жобаларды жүзеге асыру мен серіктестікті дамытуға мүдделі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров таяуда өңірге жұмыс сапарымен келген «Altyn Bank» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Байсыновты қабылдап, банктің инвестициялық бастамалары мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу барысында тараптар экономикалық серіктестікті нығайту, өңірдегі қаржы секторының әлеуетін арттыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізді.

Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны жыл өткен сайын артып келеді

Түркістан облысында салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдардың қатары артып келеді. Ішкі істер министрлігінің бастамасын қолдаған өңір тұрғындары ішімдіктен бас тартып, қоғамдық келісім мен тәртіпке негізделген жаңа өмір салтын қалыптастырып жатыр.

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде жүргізіліп келеді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков таяуда бекітілген кестеге сәйкес, «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Түркістанда қалалық прокуратураның жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті

Түркістан төрінде қалалық прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты нысанның салтанатты ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Миразов, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Осы RSS каналға жазылу