Бейсенбі, 13 Қараша 2025 19:27

Кентаулық спортшылар әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Бішкек қаласында өткен WPC/AWPC & WPSO/A-WPSO & WAO федерациясының пауэрлифтинг, пауэрспорт және армлифтингтен ұйымдастырылған Әлем кубогында Кентау қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, Даурен Дарибаев “Брусья” 15 кг салмақпен, 82,5 кг дейінгі категорияда өнер көрсетіп, «Элита» нормативін орындады. Жарыста 43 қайталау жасап 1-орын иеленіп, жаңа Әлем рекордын жаңартты. Сонымен қатар “Жим стоя” сайысында «Спорт шебері» нормативін орындап, 96 кг зілтемірін көтеріп, 1-орынға ие болды және тағы бір Әлем рекордын орнатты.

Руслан Валиев “Брусья” 15 кг салмақпен, 90 кг дейінгі категорияда 25 қайталау жасап, 1-орынды иеленді. “Жим стоя экстремальный” сайысында «Спорт шеберіне кандидат» нормативін орындап, 92,5 кг көтеріп, тағы да 1-орыннан көрінді. Ал “Русский жим 75 кг” дисциплинасында 33 қайталау жасап, 2-орынды иеленді.

Сондай-ақ, Кентау қаласы Б.Саттарханов атындағы №2 БЖСМ-де Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортқа еңбегі сіңген ардагері Е.Тоқтасынұлының құрметіне арналған кіші жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнир өтті. Бұл жарысқа Атырау, Қарағанды, Жезқазған, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Шымкент қалаларынан және Түркістан облысының барлық қала-аудандарынан спортшылар қатысты.

Жарысқа келген 21 команда құрамындағы 350 жас палуан қатысып, боз кілемде өз шеберліктерін көрсетті. Қарсыластарынан үздік шығып, жүлделі орындарға ие болған спортшылар арнайы дайындалған дипломдармен және медальдармен марапатталды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 240 рет