Айбынды жетістігімен ел мерейін үстем еткен жеңімпаз спортшыны Түркістан халықаралық әуежайында сән-салтанатпен қарсы алу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, спорт жанкүйерлері, жаттықтырушылар мен БАҚ өкілдері қатысып, балуанға құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Мадхияның спорттағы жетістіктерін тізбектесек 2022 жылы 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында алтын жүлдеге ие болып, сол жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2024 жылы 17 жасқа дейінгі ҚР чемпионатында жеңімпаз атанып, Азия чемпионатында қайтадан қола медаль иеленді. 2025 жылы 17 жасқа дейінгі ҚР чемпионатында қатарынан үшінші рет чемпион атанып, Азия чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл көрсеткіштер – оның табанды еңбегі мен жаттықтырушылар құрамының жүйелі жұмысының нәтижесі. Мадхия Усманова – Түркістан облысында әйелдер күресінің даму деңгейін көрсететін жарқын мысалдардың бірі.