15 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасы 5 алтын, 4 күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.
Жас балуандардың бұл табысы Қазақстанның грек-рим күресіндегі болашағы зор екенін тағы бір дәлелдеді.
20 жасқа дейінгі жарысқа жолдама алған қазақстандық спортшылар: 55 келі: Ерасыл Мұсан, 60 келі: Алпамыс Болатұлы, 63 келі: Есбол Шәмілов, 72 келі: Әлихан Дүрсінов, 77 келі: Омар Дүйсембек, 82 келі: Диас Сейітқалиев, 87 келі: Темірлан Тұрдақын, 97 келі: Бейбіт Қорғанов, 130 келі: Илья Бородай.
20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар алты медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын.
87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев жастар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, шымкенттік Мұсан Ерасыл (55 келіге дейін), Есбол Шәмілов (63 келіге дейін), Әлихан Дүрсінов (72 келіге дейін) қола жүлдемен жарысты аяқтады.
Шымкент қаласының жастар арасындағы аға жаттықтырушы — Абдраманов Рустем.
Еркін күрестен жалғыз алтын медальді 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды.
Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс еншілесе, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Алан Оралбек (61 келіге дейін) үшінші нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар әйелдер күресінен Анна Стратан (57 келіге дейін) және Мейрамгүл Мақсот (72 келіге дейін) қола медаль иеленді.