Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 17:21

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан орталығында салынып жатқан 200 орындық заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанның құрылыс барысын бақылауына алып, сапасына назар аударды. Аралау кезінде мердігер мекеме өкілдері мен тиісті сала мамандары да болды.

Аудан басшысы нысан басында бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалауды жүктеді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын жеделдетуді және белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді.

Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын бұл кешен ішкі және сыртқы құрылыс жұмыстарымен қатар, инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуда. Нысан болашақта түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, екі қабатты кешеннің ішінде:

• волейбол және баскетбол алаңдары,

• күрес пен бокс залдары,

• жүзу бассейні,

• футбол алаңы орналаспақ.

Кешен оқу-жаттығу базасымен толық жабдықталып, аудан жастарының дене шынықтырумен айналысуына және спорттық әлеуетін арттыруға кең мүмкіндік береді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 18 рет