Түркістанда 500-ден астам жас домбырашы бір мезетте күй тартты

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында «Күй күмбірі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Игі бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

17 наурызда Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда көкпардан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысуда. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды.

Отырарда «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты рухани кеш өтті

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Отырар аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара аясында белгілі суретші, ақын, Отырар ауданының Құрметті азаматы Мәлік Әділхан Табылханұлымен кездесу өтті.

Түркістан облысының ұстаздары республикалық білім олимпиадасында жүлдегер атанды

Алматыда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Түркістан облысының педагогтары жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі орындарды иеленді.

Ордабасы ауданында көгалдандыру қоры кеңейіп келеді

Табиғатты қорғау мен елді мекендерді көгалдандыру – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұқымбақтарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент спортшылары халықаралық аренада ел мерейін асқақтатты

Шымкент қаласының спортшылары халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына бірқатар жүлде салды. Грек-рим күресі мен бокс бойынша өткен беделді турнирлерде шымкенттік спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстанның спорттағы беделін арттыра түсті.

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Сауран ауданы аумағында кең көлемді тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту бағдарламасы іске асырылуда

Шымкент қаласында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында кәсіптік оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2026 жылы қала бойынша 610 жұмыссыз тұрғынды кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінгі таңда арнайы құрылған комиссияның шешімімен 420 жұмыссыз азаматты оқыту үшін 33 мекеме бекітілді.

Түркістан: су нысандарын ретке келтіру жұмыстары пысықталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Тұран су» мекемесінің жұмыс жоспары бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар 20 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды, 107 ішкі шаруашылықаралық канал, 3 өндірістік база және 81 арнайы техника кәсіпорын теңгерімінде.

Шымкентте медицина дамуының жаң кезеңі: дәрігерлердің кәсібилігі адам өмірін сақтап қалды

Кеше Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады: