Шымкентте Кавказ биінің кеші өтті

Шымкент қаласында алғаш рет орыс драма театрының сахнасында «Кавказ аңғары» студиясының ұйымдастыруымен Кавказ биінің кеші өтті. Бір жарым сағатқа созылған концерт жиналғандардың көңілінен шықты. Ал көрермендердің шапалағы би студиясы оқушыларының текке тер төкпегенін дәлелдей түсті.

Шымкентте ерекше ән фестивалі өтті

Таяуда Шымкенттің орталық саябағында Француз альянсының ұйымдастыруымен «Fete de la musique» атты фестиваль өтті. 1982 жылы алғаш рет Францияда пайда болған бұл фестиваль жыл сайын барлық деңгейдегі музыканттар мен жанрларды біріктіріп келеді. Бүгінгі таңда бұл әлемнің жүзден астам елінде өткізілетін музыка саласындағы әлемдік оқиға деуге болады.

Шымкенттің жастары «Жасыл елге» үлес қосуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келген болатын. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама Шымкент қаласында қарқынды жүзеге асырылып келеді. 

Шымкентте жасыл желектің қатары қалыңдап келеді

Шымкент қаласында жасыл желек аумағы жыл сайын ұлғаю үстінде. Егілген қоғамдық баудың көлемі бүгінде 100 гектардан асты. Биыл ағаштар алғашқы жемісін беріп үлгерді. Аптап ыстыққа қарамастан мыңдаған гектар алқапқа егілген дарақтар суарылып, күтіп-бапталып жатыр

Шымкентте «Этно Шымкент» туристік көрмесі өтті

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралар өткізіліп жатқаны белгілі. Шымкент қаласында да әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі ретінде қаладағы Әл-Фараби атындағы алаңда өткізілген «Этно Шымкент» туристік көрмесін айтуға болады.

Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебі мерекелік шара ұйымдастырды

Кеше Шымкент қаласындағы №54 жалпы орта мектептің базасында Балалар көркемсурет мектебіне қарасты «Шұғыла», «Арт Шайн» аула клубтарының «Бізге – 5 жыл!» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 

Жалпы, жиынның мақсаты – аула клубының жұмыстарын көпшілік назарына ұсыну, балалардың бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ Балалар көркемсурет мектебіне қарасты аталмыш аула клубтарының ағымдағы жылда атқарған жұмыстарын қорытындылау. Іс-шара екі бөлімнен құралды.

Алғашқы бөлімде жұртшылық үйірме оқушыларының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған «Жарқын жолға нық қадам!» тақырыбындағы көрмесін тамашалады. Мұнан соң ұстаздар қауымы керемет шеберлік сыныптарын көрсетіп, өнер әлемінің сұлулығымен көпшілікті тамсандырды.

Екінші бөлімде аула клубының өнерпаздары ән мен биден шашу шашса, бокс, каратэ үйірмесінің тәрбиеленушілері өзін-өзі қорғаудың қыр-сырымен көрермендерді тәнті етті. Ал көрермендер «Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебінің жанынан ашылған аула клубтары ұйымдастырған «Бізге – 5 жыл!» тақырыбындағы мерекелік жиын өз деңгейінде өтті» деп бағасын берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.