Түркістанда «махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Мәдениет сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық опера және балет театрының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізіліп отырған туындыны тамашалауға зиялы қауым мен аталған жоғары оқу орнының оқытушы құрамы және студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Қойылымның ашылу салтанатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзін арнап, театр ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.