Шымкент: «Цитадель» жобасының тарихи құндылығы бар

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған «Шымкент қалашығын» реставрациялау және музейлендіру жөніндегі «Цитадель» жобасының алаңына түнеугүні Шымкентке іссапармен келген Үкімет жетекшісі Асқар Мамин барды. Жобаның тарихи құндылығы ерекше. Сол себепті ол 2020 жылы «Шымкент – ТМД-ның мәдени елордасы» жылын атап өту аясында тартымды туристік нысан болуға арналған. 

Шымкент: Қала әкімі қарттарды ұлт руханиятына үздіксіз үлес қосуға шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шараға қатысты. Қарттардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетілді. 

Шымкент: Корейлердің қиын-қыстау кезеңде барша этностарға пана болған қазақ еліне алғысы шексіз

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында мерекелік жиын өтті. Корейлердің Қазақстанға келу тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, ұлттық тағамдары, мәдениеті, салт-дәстүрі көпшілікке таныстырылды. 

Шымкентте Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің көрсетілімі өтті

Шымкент қаласында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті. Көрсетілім аясында қала әкімі Ерлан Айтаханов «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаевты қабылдады. 

Түркістан қаласынан «ТҮРКСОЙ» жастар камералық оркестрінің концерті бастау алды

Бүгін Түркістан облысында «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрік кеңесінің 10 жылдығына орай «ТҮРКСОЙ» Жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласында өтті. 

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының 55 жылдығы аталып өтілді

Ордабасы ауданының құрылғанына 55 жылдығына арналған салтанатты іс-шара бүгін таңнан бастау алды. Бекітілген бағдарламаға сәйкес, Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда эстафеталық марафон өтіп, ауданның мақтанышы, белгілі балуан Абзал Арыстанбек мерекелік жалауды көтерді. 

ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестрінің алғашқы концерті Түркістан қаласынан басталмақ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрік кеңесінің 10 жылдығына орай ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласында бастау алады. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығында өткен баспасөз-мәслихатында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мәлімдеді.

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы теміржол вокзалына қауіп төнбейді

«Арыстағы вокзалды жоғалтудамыз! Тарихи-мәдени нысанды бұзып жатыр!». Әлеуметтік желі мен жергілікті басылым беттерінде осындай жаңалық тарап еді. Бұл жалған ақпарат болып шықты. 115 жылдық тарихи ғимаратты ешкім бұзбайды. Керісінше, Арыстағы апаттан зақымданған «Арыс-1» теміржол вокзалы қайта қалпына келіп, жаңаланады.