Түркістанда «Ясауитану-2019» республикалық байқауы өтті

Түркістанда дәстүрлі «Ясауитану - 2019» байқауы басталды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және Жастар жылына орай дәстүрлі «Ясауитану - 2019» республикалық байқауы басталды.

Түркістан: Рәбия Сұлтан Бегім кесенесін музейлендіру жұмыстары аяқталды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Рәбия Сұлтан Бегім кесенесін музейлендіру жұмыстары аяқталып, келушілерге есігі ашылды. Аталған музейлендіру жұмыстары барысында кесене ішіне арнайы орындықтар қойылып, тұлғалар жайлы мәліметтер мен төл жәдігерлері орналастырылған.

Түркістан облысы: Отырар ауданында шырша көшеттері отырғызылды

Киелі ауданның тазалығын бүгінгі таңдағы биік талғам мен талапқа сай берік сақтап, өңірді жасыл желекке оранған көрікті мекенге айналдыру мақсаты күн тәртібінен түсіп көрген емес. Осы бағытта "Ұлылар отаны" атанып, еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі "Отырар - қазақ өркениетінің алтын діңгегі" деп жоғары бағасын берген ауданда соңғы уақыттардың өзінде көптеген игілікті істер жүзеге асырылып, келген қонақтар мен аудан тұрғындарының көңілдерінен шығуда. Тек бүгінгі күннің ғана емес, келешектің де жарқын игілігі үшін бүгін қасиетті Арыстанбаб бабамыз мәңгілік тыныстаған жердегі кесенесінің кіреберіс қақпасы маңына аудан әкімі Ә.Жүнісов, аудан прокуроры К.Нәрікбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Мыңжасаров пен аудандық мәслихаттың хатшысы М.Манапов бастаған мәслихат депутаттары мен аудандағы әр саланың бөлім басшылары шырша көшеттерін отырғызды. "Бір тал кессең, он тал ек" деген халық даналығын кейінгі жас буын ұрпақтарға үлгі етуді мұрат тұтқан бұл игілікті іс алдағы кездерде де жалғасын таба беретіні сөзсіз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысы: Оразкүл Асанғазиева жетісайлық қыз-келіншектермен кездесті

Қызметін қарапайым ұстаздықтан бастап ауданның әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаты атанған, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиева аудан орталығы Жетісай қаласындағы “Б.Момышұлы” мектеп-гимназиясында қыз-келіншектермен кездесті. Басқосуға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы Жолдасбеков пен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, ұстаздар мен колледж студенттері қатысты. 

Түркістан облысы: Экс-депутат мақтааралдық жастармен кездесті

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Оразкүл Асанғазиева мақтааралдық жастармен жүздесті. Атакент кентінде орналасқан Мақтаарал аграрлық колледжінде өткен келелі кездесуге Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты. 

Сарыағашта «Ханбибі оқулары» облыстық байқауы өтті

Сарыағаш ауданы әкімдігінің және ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Сарыағаш ауданының мақтанышы Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерей тойы қарсаңында облыстық Ханбибі оқулары байқауы ұйымдастырылды.