Мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мен  мекеме директоры Құрбан Жандос Керімұлы және кәсіподақ төрайымы Сыпатаева Күнсұлу Балқыбекқызы бірге ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, олардың жұмыстарымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты. 

Қорытынды жиынында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясының қызметкерлерін «10 қазан -  Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен дирекцияның бөлім меңгерушісі Есимова Жанат Ахылбекқызы, филиалдың «Құрмет грамоталарымен» директор Құрбан Жандос Керімұлы мен бөлім меңгерушісі Төлбасықызы Жаухар, сондай-ақ филиалдың «Алғыс хаттарымен» дирекцияның кіші ғылыми  қызметкері Туранова Раушан Пернебайқызы мен мұражай қараушысы Абдолова Гулжан Шарданқызы марапатталды.

Жиын соңында дирекция басшысы Жандос Керімұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

«Астана Опера» Шымкентте

«Астана Опера» труппасы алғаш рет Шымкент қаласына сапармен келді. 1-қазан Халықаралық музыка күніне орай жоспарланған концертке, елімізге танымал өнер жұлдыздары да қатысты.

Шымкент: кітапхананың 125 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті

Биыл А. С. Пушкин атындағы кітапхананың құрылғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен кітапхананың 125 жылдығына орай «Кітапхана: Іздену. Жаңалық. Болашақ» тақырыбымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шымкент: Ж.Шанин театрында жаңа маусым ашылды

«Театр — ең бекзат өнер» деген ұлылар сөзінің дәлеліндей саф алтындай мәдениет мекенінің тіршілігі заманмен бірге дамып келеді. Соның ішінде 95 жылдық тарихы бар Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының орны ерек. 96 жаңа маусымның шымылдығын Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» пластикалық қойылымымен ашқан театр ұжымы көрермендерін тағы да тәнті етті.

Шымкент: «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» халықаралық ғылыми-көпшілік конференциясы өтті

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтетін жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-көпшілік конференциясы өтті.

«Бірлік керуені» Шымкенттен Астанаға аттанды

Әне-міне, дегенше Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Айтулы шарада спорт жарысынан бөлек мәдени әрі ғылыми бағдарламалар да қолға алынған. Жылдың ең маңызды оқиғасы саналатын шараны қолдауға және оны халық арасында насихаттау мақсатында «Бірлік Керуені» жобасы басталған болатын. Бұл жобаның мақсаты бүкіл өңірде мәдени бағдарламаны үздік өңірлік этникалық жобалармен толықтыруға, сондай ақ, ұлттық спортты барша қазақстандықтар арасында кеңінен насихаттауға арналған. Шырайлы шым қаладан да дүбірлі доданы қолдау мақсатында керуен елордаға аттанды.

2024 жылы Шымкентте ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді

2024 жылы Шымкентте ауқымды мәдени іс-шаралар қарқын алып, қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени мерекелер ұсыну жалғасуда. Соңғы алты ай ішінде 16 ресми және мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, шамамен 30 000 көрермен тартылды. Ал басқармаға қарасты өнер мекемелерінде 3 169 шара ұйымдастырылып, 1,6 миллионнан астам келушілер қатысты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы - Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлы баяндады.