Ауқымды додаға еліміздің әр өңірінен іріктеліп келген үздік командалар қатысып, көрермендерге тартысты әрі әсерлі ойын ұсынды. Қатысушылар сахнада тапқыр әзіл, актерлік шеберлік пен ерекше қойылымдар арқылы көпшілік ықыласына бөленді. Ойынның қазылар алқасының құрамында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен, «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, белгілі жайдарманшылар Ерлан Айтбаев пен Маңсар Орынхан, сондай-ақ актриса Жұлдызай Дүйсенбиева болды.
Кеш барысында қазылар алқасы қатысушылардың өнеріне баға беріп, жастар шығармашылығы мен қазіргі жайдарманның даму бағыты жайлы пікірлерімен бөлісті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ұлттық әзіл өнерінің дамуына серпін береді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат