Сенбі, 06 Желтоқсан 2025 13:39

Сатирик «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбектің туғанына 75 жылдығына арналған облыстық халық театрлар байқауы мәресіне жетті

Бұл байқау Отырар ауданының 90 жылдығы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты «Парасат» орденінің иегері сатирик Көпен Әмірбек шығармашылығын дәріптеуге, сондай ақ облыстық театр өнерінің үздік үлгілерін көрсетуге арналды.

«Театр – өмір айнасы» атауында терең мән жатыр. Өнер – қоғамның айнасы, ал театр – оның ең айқын көрінісі. Сахнадағы әрбір кейіпкер, әрбір сөз, әрбір қозғалыс арқылы біз өз өмірімізді, мәселелерімізді, құндылықтарымызды көреміз. Театр – бұл тек көңіл көтеру орны емес, ой толғау, рухани жетілу алаңы. Байқауға әр ауданнан 15 театр ұжымдары қатысты. Қойылымдар сатирик Көпен Әмірбектің және Қазақстан сатириктерінің шығармашылық мұрасына, оның ой тереңдігі мен халықшылдық рухына арқау болды. Қойылымдар көрерменге ой саларлық, рухани байлық сыйлады. Сахнадағы шеберлік, режиссерлік шешімдер, актерлік ойынның биік деңгейі байқалды.Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде — Отырар ауданы , Отырар халық театры / 400 мың теңге ақшалай сыйлық/,

Бірінші орын- Ордабасы ауданы ,Темірлан халық театры / 300 мың теңге ақшалай сыйлық/,

Екінші орын — Сайрам ауданы ,қазақ халық театры / 200 мың теңге ақшалай сыйлық/,

Екінші орын — Бәйдібек ауданы, Шаян халық театры / 200 мың теңге ақшалай сыйлық/,

Үшінші орын — Кентау қаласы, «Шапалақ» халық театры /150 мың теңге ақшалай сыйлық/,

Үшінші орын — Арыс қаласы,халықтық көркемөнерпаздар ұжымы, драма үйірмесі /150 мың теңге ақшалай сыйлық/,

• Арнайы жүлделер

• «Үздік бала актер» номинациясымен Әшір Ниязмұхамбет,Сарыағаш ауданы / 30мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Үміт» номинациясымен Келес ауданы, «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры. / 50мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Күміс күлкі» номинациясымен Созақ ауданы,Үміт Мамуова /50мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Көрермендер көзайымы» номинациясымен Төлеби ауданы,«Жебе»драма көркем өнер ұжымы /50 мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Ең үздік әйел бейнесі» номинациясымен Шардара ауданы, Эльвира Икрамбай, /60 мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясымен Жетісай ауданы, Азамат Төребеков, /60 мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Жас жұлдыздар» номинациясымен Ордабасы ауданы,«Жас толқын»балалармен жасөспірімдер театры /100 мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Үздік театр сценография» номинациясымен Қазығұрт ауданы,Тілеу Аханбаев атындағы халық театры /100 мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Үздік актерлық ансамбль» номинациясымен Сарыағаш ауданы ,Халықтық драма ұжымы /100 мың теңге ақшалай сыйлық/,

«Ең үздік режиссура» номинациясымен Түлкібас ауданы,Мақталы халық театры /100 мың теңге ақшалай сыйлық/,

Мақпал Адасханова Қазақстандық салалық мәдениет,спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы С.Иманқұлованың «Еңбек даңқы»төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жетістік — тек жеңімпаздардың емес, бүкіл театр қауымының ортақ мұрасы. Ұйымдастырушыларға, қазылар алқасына, театр ұжымдарына, көрермендерге алғысымызды білдіреміз! Көпен Әмірбектің рухы бізді шабыттандырсын, ал театр өнері әрқашан өмірдің айнасы болып қала берсін!

Оқылды 93 рет