Жұма, 11 Шілде 2025 23:45

Шымкент қаласы аумағында 114 тарихи-мәдени мұра объектісі бар

Алматы және Ақтөбе облыстарындағы Қаялық, Қарамерген және Талғар, Жамбыл облысындағы Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек тарихи ескерткіштері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мәдени мұра тізіміне енген. 

 

Шымкент қаласы аумағында жалпы 114 тарихи-мәдени мұра объектісі бар.  Олар: 30 археологиялық, 56 монументтік өнер құрылыстары, 11 қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, 2 киелі объектілер. Оның ішінде 7-еуі республикалық, 8-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

Мәдени және тарихи мұра – бұл әлемнің әр халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес және орны толмас байлығы. Жойылу немесе сыну салдарынан оның кез-келген бөлігінің жоғалуы әлемнің барлық халықтарының мұрасын ортайтқанмен тең. Олардың артықшылықтарына байланысты бұл мұраның кейбір объектілері көрнекті әлемдік құндылыққа ие деп танылуы мүмкін.

 

Адамзаттың орны толмас мұрасын құрайтын нысандарды анықтауды, қорғауды, сақтауды және танымал етуді мүмкіндігінше қамтамасыз ету үшін ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер 1972 жылы жаһандық мәдени және тарихи мұраны қорғау туралы Дүниежүзілік мұра Конвенциясын қабылдады. Еліміз осы Конвенцияның толыққанды мүшесі саналады.

Соңғы жылдары Қазақстанда аталған кешендердің барлық компоненттерінің органикалық өзара байланысын, сондай-ақ олардың түпнұсқалығы мен тұтастығын сақтау бойынша белсенді шаралар қабылдануда. Қираған ескерткіштерді құжаттау және консервациялау, оларды күзетімен қоса аймақтарға бөлу, қысқамерзімді перспективаға арналған менеджмент-жоспарларды жасау және іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Мәселен, Шымкентте 2024 жылдың бірінші тоқсанында, республикалық және жергілікті маңызы бар 15 тарихи және мәдениет ескерткішке тарихи-мәдени мұра обьектілерінің жай-күйін бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.

 

Нәтижесінде, республикалық маңызы бар Қожа Салық кесенесінің XIII-XYIII ғ.ғ. қабырғалары мүжіліп, құзданып жатқанына байланысты реставрация жұмыстарын қажет ететіні анықталды. Қазіргі кезде жауын-шашыннан қорғау мақсатында кесененің сыртын жарты беліне дейін кленкамен қоршап жауып қойған. Кесене Қаратау ауданы әкімдігінің теңгерімінде.

 

Шымкент қаласы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, қорғау аймақтарын анықтау және мемлекеттік тізімге енгізу үшін тарихи-мәдени сараптама дайындау жоспарлануда. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің жинағы шығарылатын болады.

 

 

 

Оқылды 159 рет