ШЫМКЕНТТЕ 237 ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖҮРГІЗДІ

2023 жылдың жаз айларында 237 жазғы сауықтыру лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жүргізді. Оның 12-сі қала сыртында болса, 225-і мектеп жанындағы лагерлер. Жазғы лагерлерде демалумен 197 651оқушыны қамту жоспарланған, бұл барлық оқушылардың 97,1 пайызын құрайды. Қала бюджеті есебінен 308,5 млн. теңге қаралып, әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан 7 241 балаға қала сыртындағы лагерлерге жолдама берілді. Сонымен қатар 9 474 баланы демеушілер есебінен лагерлерде демалды.Қаланың бас педагогының берген мәліметі осындай. Бұдан бөлек  Ж.Тажиева 2023 жылы Ұлттық жоспарға сәйкес 2-6 жас аралығында қамту жоспары – 82,8%, 3-6 жас – 100% қамтуды орындау жоспарланғанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандығы қаржыландыру нормативіне сәйкес, 2023 жылға әр балаға 45 603 теңге болып белгіленіп, 39 млрд. 748 млн. тг. қаржы қаралыпты.  Бүгінгі таңда қаладағы 587 балабақшада 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 84 677 баланың– 91%-ы (76 859 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 59 954 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 78 388 баланың 93% (72 863 бала) қамтылған.  2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қосымша 2 945 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жергілікті бюджет есебінен 2 845 орындық 30 балабақша ашылады. 1-6 жас аралығындағы әлеуметтік осал тобына кіретін жанұядағы бала саны – 17 231, оның ішінде балабақшаға баратыны - 8 155. Тегін ыстық тамақпен жек. балабақшаларда – 1 981 (24,3%) қамтылған.  Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап балабақшалардағы әлеуметтік осал тобына кіретін жанұядағы балаларды ыстық тамақпен қамту үлесін 30% көтеру үшін жергілікті бюджеттен 141,0 млн.тг. қаржы қаралған.

 

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 53 893 ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Шамшиева оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысы, жаңа оқу жылына дайындық, мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Білім басқармасының мәліметінше, шаһарда білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында 48 мекемеге артып, жалпы саны 946-ны құрады. Оның ішінде, 30 балабақша, 15 мектеп, 1 оқушылар сарайы жаңадан жұмысын бастайды.

—2023 жылы 1-ші сыныпқа 27 000 оқушы қабылданып отыр. 53 893 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар шілде айында аяқталды. Қазіргі таңда мемлекет есебінен 7241 бала, демеушілер есебінен 9474 бала қала сыртындағы лагерлерде демалуда. Жалпы 215 жазғы сауықтыру лагерлері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырды, - деді басқарма басшысы.

2023 жылдың қыркүйек айында 2 845 орындық 30 балабақша, 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқитын 3 мектеп мәселесі қыркүйек айында толық шешіледі.

Ж. Тәжиева білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, мектептерде қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті.

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ОҚМПУ-мен бірлесе 10-24 шілде аралығында қала мектептерінің 2023-2024 жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізген. Департамент басшысы жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, бейнебақылау жүйесі, асхана, спорт залдарының, турникеттерінің болуы және жылдам басқару орталығына қосылу жұмыстарына бақылау жүргізіліп, бірқатар мекемелерге ескерту берілгенін атап өтті.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «ЖЕКЕ МЕКТЕПТЕР МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫ ОРНЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕДІ»

 

Әне-міне, дегенше жаңа оқу жылы да таяп қалдыү  Шымкент қаласында биыл жаңадан 4 мектеп салынып жатыр. Соның ішінде 3 мектеп жаңа оқу маусымына, яғги қыркүйек айына дейін пайдалануға берілсе, Қаратау ауданы Нұрсәт шағын ауданында орналасқан «South Alup» жеке мектебі жыл соңында беріледі деп күтілуде.

Бүгін қала әкімі құрылыс нысандарын аралау барысында Нұрсәттегі «South Alup» мектебіне арнайы барып, құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі уақытта жұмыс ауқымының 70 пайызы орындалған. Мектеп аумағы 2,8 гектарды құрайды, 1425 оқушыға лайықталған.

Ғимарат үш қабаттан тұрады, мұнда арнайы спорт залы, асханасы, лингофондық, компьютерлік сынып бөлмелері қамтылған. Мектеп жаңа заманауи үлгімен салынуда. Әрі жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған.

«South Alup» жеке мектебіне жақын орналасқан 2 мемлекеттік мектеп бар. Оның бірі 1200 орындық №130 мектеп, мұнда 2066 оқушы білім алуда. Сонымен қатар 1200 орындық №132 мектепте 1762 оқушы білім алуда.

Қазіргі салынып жатқан «South Alup» мектебі көршілес мектептегі оқушы санының тығыздығын болдырмауға септігін тигізбек. «Яғни, жеке мектептер мемлекеттік мектептегі оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешеді», - деп түйіндеді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары  Сайрам, Базарқапқа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіның мәліметінше, бүгінде қалада 9 білім ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп-интернатының ғимараты жөндеуден өтеді.

 

ШЫМКЕНТ: ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі қазіргі уақытта күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін аталған мектептегі құрылыстың жай-күйімен танысты. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айынан басталған. Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимарат 1260 орынға лайықтап салынған. Мұнда қазір екі мыңнан аса оқушы білім алуда.  Үш қабатты нысанның күрделі жөндеу жұмыстары қазір 20 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіліп, жаңа жыл қарсаңында мектеп ұжымы мен оқушылар игілігіне беріледі деп күтілуде.

Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіның мәліметінше, бүгінде қалада 9 білім ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп-интернатының ғимараты жөндеуден өтеді. 4-шағынаудандағы №78 орта мектеп ғимараты 2004 жылы салынған. Жобалық қуаттылығы 465 орындық білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстары бүгінде 60 пайызға орындалған. Өндірістік кестеге сай ғимарат тамыз айының ортасында пайдалануға беріледі. Білім басқармасына қарасты «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты да күрделі жөндеу көрмеген орталықтардың бірі болатын. Мұнда да қазір құрылыс қарқынды жүруде. Жоба бойынша 3 қабатты ғимараттың қабырғасы толық жаңартылып, инженерлік коммуникациялық желілері ауыстырылады. Қаладағы В.Терешкова атындағы №93 жалпы білім беретін мектептің ғимараты да замана талабына сай жабдықталуда. Жаңаталап шағынауданындағы мектептің бірінші корпусы 1951 жылы салынған. Аумақта оқушы саны артқандықтан, соңғы жылдары мектеп кеңейтіліп, қайта жасақталған. Мұнда да инженерлік жүйелер толық жаңалануда. Жоба бойынша қосымша спорт алаңшасы салынып, көріктендіру, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Аталған нысандарды аралап көрген қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, ең алдымен сапаны бақылауға алуды тапсырған болатын. Сондай-ақ өндірістік кестеге сай күрделі жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, білім ошақтарын жаңа оқу жылына сақадай сай етіп жасақтауды ескерткен.



ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДЕЙІН 9 БІЛІМ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Бүгінде қалада 9 білім ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп- интернатының ғимараты жөндеуден өтеді. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысын қадағалады.

 4-шағынаудандағы №78 орта мектеп ғимараты 2004 жылы салынған. Жобалық қуаттылығы 465 орындық білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстары бүгінде 60 пайызға орындалған. Өндірістік кестеге сай ғимарат тамыз айының ортасында пайдалануға беріледі.

 Білім басқармасына қарасты «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты да күрделі жөндеу көрмеген орталықтардың бірі болатын. Мұнда да қазір құрылыс қарқынды жүруде. Жоба бойынша 3 қабатты ғимараттың қабырғасы толық жаңартылып, инженерлік коммуникациялық желілері ауыстырылады.  

Қаладағы В.Терешкова атындағы №93 жалпы білім беретін мектептің ғимараты да замана талабына сай жабдықталуда. Жаңаталап шағынауданындағы мектептің бірінші корпусы 1951 жылы салынған. Аумақта оқушы саны артқандықтан, соңғы жылдары мектеп кеңейтіліп, қайта жасақталған. Мұнда да инженерлік жүйелер толық жаңалануда. Жоба бойынша қосымша спорт алаңшасы салынып, көріктендіру, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.  Аталған нысандарды аралап көрген М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, ең алдымен сапаны бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ өндірістік кестеге сай күрделі жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, білім ошақтарын жаңа оқу жылына сақадай сай етіп жасақтауды ескертті.

Айта кетейік, 2021 жылы шаһарда 25 мектеп пайдалануға берілсе, 2022 жылы  48 мектептің құрылысы жүргізілді. 37 мектеп пайдалануға берілді, оның төртеуі мемлекеттік. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-ден 3-ке дейін азайды.  Білім беру нысандарын дамыту мақсатында 2025 жылға дейін 101 мектеп салу жоспарда бар.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2025 дейін 38 мыңға жуық орынды 25 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.


ШЫМКЕНТТЕ 27 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА 1 СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Егер балаңыз биыл алтыға толса, онда мектепке баруға асығыңыз. 1-ші тамызға дейін санаулы күндер қалды. Биылғы оқу жылында 27 000 шымкенттік бала алғаш мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің мәлімдеуінше 1-ші тамызда бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталады.

Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың, олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса, тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.

Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау электрондық үкіметтің еgov.kz веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы автоматтандырылған. Міндетті түрде ата-анасының өтініші, баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама, №065у нысан, баланың денсаулық паспорты 026 / у-3, өлшемі 3х4 см баланың 2 дана суреті керек.

Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат тапсырушы офлайн қызметін пайдаланғысы келсе, таңдаған мектепке дүйсенбі мен жұма аралығында бару керек. Ол кезде жоғарыдағы құжаттармен қатар, жеке куәлігіңіз өзіңізбен бірге болсын.

Айта кетейік, бірінші сыныпқа құжат қабылдау бірінші сәуірде басталған. Осы төрт ай ішінде елімізде 350 453 өтініш түскен. 71,2 пайыз өтініш иелері балаларын қазақ мектебіне беруді ұйғарыпты. Алдын-ала болжам бойынша 410 мың бала мектеп табалдырығын аттаса, оның 27000-ы Шымкент қаласынан.

Осы күнге дейін жеткен ақпарат бойынша 2023-2024 оқу жылына Шымкент қаласында 25 403 өтініш түскен, яғни 94 пайыз орындалған. Олардың 82,7 пайызы қазақ тілді мектеп таңдаған.

Бірінші сыныпқа 2021-2022 оқу жылында – 25 005 бала, 2022-2023 оқу жылында – 26781 бала қолына қалам ұстаған.

 

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚҰРСАЙДА 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР

 Мемлекет басшысы білім беру жүйесіндегі орын тапшылығын жою мақсатында елімізде 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды міндеттеген. Оның оннан бір үлесі Шымкентке тиесілі. Шымкентте білім саласын арттырып, апаттық мектептер санын жою және 3 ауысымдық мектептерді азайтуға бағытталған кешенді жұмыстың бүгінде 50 пайызға жуығы орындалып үлгерген. «Тұран» ауданына қарасты «Құрсай» елді мекенінде салынып жатқан білім ордасы осы мәселені шешуге өз үлесін қосады. Білім ордасы жаңа оқу жылында есігін айқара ашады деп күтілуде. Елді мекендегі Шаштөбе көшесіндегі жаңа мектептің құрылысы 2022 жылы басталған.  "Әл-Фараби" атындағы білім ордасы 900 балаға арналған. Бүгінде құрылыс аяқталуға таяу. Жеке инвестордың есебінен салынып жатқан мектеп құрылысы 2023 жылы жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда. Айта кетейік, енді мектептерде үш ауысым болмайды. Шымкенттегі білім ордалары бірінші сынып оқушыларын жақсы жаңалықтармен қарсы алмақ. Білім басқармасының мәліметінше, жаңа оқу жылынан бастап мектептер бір немесе екі ауысымды оқуға толығымен ауысады. Бірнеше білім ұясының ашылуы қаладағы үш ауысымды мектеп мәселесін шешеді.

«Білім беру нысандарын дамыту мақсатында 2025 жылға дейін 101 мектеп салу жоспарда. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2025 дейін 38 мыңға жуық орынды 25 мектепті пайдалануға береміз», -деді қала басшысы Мұрат Әйтенов жергілікті мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында жасаған есебінде.

Шымкентте үш ауысымдық тек үш мектеп қалған еді. Жаңа оқу жылынан бастап білім ордаларында сабақтар тек екі ауысымда өтеді. Мұндай мүмкіндік – жаңа мектептер мен жұмыс істеп тұрған білім ұяларына қосымша ғимараттар салудың арқасында пайда болды.Айта кетейік, Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 75 015 орынға арналған 77 мектеп салу жоспарланған еді. Оның 54-і мемлекет есебінен, 4-уі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, ал 19 мектеп жеке инвесторлар есебінен бой көтермек.

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН СИАНЬ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАҚТАСТЫҚ ОРНАДЫ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығы халықаралық байланыстырды нығайту мақсатында Сиань халықаралық зерттеулер университінің өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлық аясында білім алуы, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі, оқытушылармен алмасуы, бірлескен зерттеулер жүргізу және оқу орнының халықаралық бастамаларға қатысуы бағытындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктері талқыланды. Бұл ынтымақтастық студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, профессор оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің үлкен мүмкіндіктеріне жол ашады.

Сонымен қатар, Әуезов университеті Қытай сапарының аясында Сиань медицина университетінің жұмысымен танысты.

Айта кетейік, 2023 жылғы 4-7 шілде күндері Шымкент қаласының өкілдері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізуде. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация құрамында баақарма басшылары, аудан әкімдері және қалалық маслихат депутаттары мен білім беру және бизнес өкілдері бар. Іс-сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған өзара серіктестік орнату туралы меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу. Еске сала кетсек, былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 миллион АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор. Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытқан болатын. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырған еді.