Түркістандық жас қолөнершілер биіктен көрінді

Білім алушылардың көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру, балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңі түркістандық оқушылар үшін биыл да сәтті болды.

Түркістанда педагогтерді курстан кейінгі қолдауға арналған семинар өтті

Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» және Түркістан қалалық білім бөлімі, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби дамыту институтының бірлесе ұйымдастыруымен педагогтерді курстан кейінгі қолдауға арналған семинар өтті.

Түркістан: оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – заман талабы

Түркістан қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасованың қолдауымен Е.Иззатуллаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Өзбек тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлжазира Әметовамен қатар қаладағы мектептердің пән мұғалімдері қатысқан семинар педагогтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламамен басталды.

Түркістан: «Ағылшын тілі сабағында ұлттық құндылықтарды тілдік дағдылар арқылы оқушы бойына қалыптастыру» атты семинар өткізілді

Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен «Ағылшын тілі сабағында ұлттық құндылықтарды тілдік дағдылар арқылы оқушы бойына қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Түркістанда «Үздік үйірме жетекшісі» атты қалалық байқау болып өтті

Бүгінгі таңда мектептен тыс мекемелер мен мектептердегі үйірмелердің оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануында маңызы зор. Баланың білім алуымен қатар олардың белгілі бір бағытта қосымша білім алуы жасөспірімдерді құқықбұзушылықтан сақтанумен қатар бір кәсіпті игеруіне де ықпал етеді. Бұл бағытта жұмыс жасап жатқан Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты 6 мектептен тыс мекеме мен 34 мектептегі үйірмелер де жоғары деңгейде жұмыс жүргізіп, биік белестерден көрініп келеді.

Түркістан: химия және биология сабағында оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында жиын өтті

Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруы, бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен бөлімге қарасты №2 Хамза атындағы жалпы білім беретін мектепте химия-биология пәнінен «Химия және биология сабағында оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында қалалық ақпараттық семинар болып өтті.

Түркістан: баланың мінез-құлқын ойындар арқылы дамытудың тиімділігі мол

Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, орталықпен қатар Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Толағай» бөбекжай-бақшасының базасында «Баланың мінез-құлқын ойындар арқылы дамытудың тиімділігі» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған ақпараттық семинар өткізілді.