Сенбі, 16 Мамыр 2026 09:48

Түркістанда Ясауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды

Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми Саммиті аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ясауи ғылыми-зерттеу институты ғимаратының капсуласын салу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында Түркістан қаласына іссапары кезінде және Ұлттық құрылтайда Қожа Ахмет Яссауи мұрасын терең зерттеу, оны жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау және Түркістанды халықаралық ғылыми-рухани орталыққа айналдыру жөнінде нақты міндеттер жүктеген болатын. Аталған бастама — сол тапсырмалардың заңды жалғасы.Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Юсуф Текин, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр, Сауда министрі Өмер Болат, сондай-ақ қос елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жаңа институт түркі өркениетін, сопылық ілімді, түркі халықтарының тарихи-мәдени сабақтастығын зерттейтін халықаралық ғылыми-академиялық орталыққа айналмақ. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің рухани-философиялық мұрасы, түркі дүниесінің тарихы, әдебиеті, мәдениеті, діні мен өркениеті кешенді түрде зерттеледі. Институт базасында халықаралық ғылыми жобалар жүзеге асырылып, археографиялық және текстологиялық жұмыстар жүргізіледі. Сирек қолжазбалар мен тарихи деректерді жинақтау, цифрландыру және ғылыми айналымға енгізу жұмыстары қолға алынады. Сонымен қатар, отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық конференциялар, симпозиумдар, ғылыми тағылымдамалар мен академиялық семинарлар ұйымдастырылмақ.

Алты қабаттан тұратын жаңа кешеннің жалпы аумағы 13 мың шаршы метрден асады. Ғимаратта Теология факультеті, Лингвистика орталығы, Түркология және Яссауитану ғылыми-зерттеу институттары, заманауи зертханалар, қолжазбалар музейі мен көрме орталығы орналасады. Сонымен қатар, халықаралық конференциялар мен симпозиумдар өткізуге арналған 420 орындық конференция залы, оқу аудиториялары, ғылыми тағылымдамалар мен жас зерттеушілерге арналған арнайы алаңдар қарастырылған. Кешенді болашақта 1 500–2 000 студентке арналған заманауи білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы ретінде пайдалану жоспарланып отыр. Жоба Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, Түркістанның түркі дүниесінің ірі рухани, мәдени және ғылыми орталығы ретіндегі халықаралық беделін арттыра түседі.

Қожа Ахмет Яссауи ғасырлар бойы түркі халықтарының рухани өмірінде ерекше орын алған сопылық дәстүрдің негізін қалаушы.Арыстан Баптан алған аманатты «Хикметтері» арқылы адамдардың бойына сіңірген.қасиетті аманатты Хорасан әулиелерімен әлемнің төрт бұрышына жеткізген,көне түркі (шағатай) тілінде жазған хикметтерімен тіліміздің дамуына және баюына үлкен үлес қосқан атақты әулие, «Түркістан Пірі» болып табыладыАхмет Яссауидің өмірі, тұлғалығы және оның ықпалы туралы тарихи құжаттар мен мәліметтер өте аз. Барлары да аңызбен астасып жатыр. Ахмет Яссауи Батыс Түркістандағы Шымкент қаласының шығысындағы Тарым өзеніне құятын Шахияр өзенінің Қарасу бойында орналасқан Сайрам қаласында дүниеге келген. Ежелгі заманнан бері маңызды орны бар Сайрам қаласы, Исфиджап немесе Акшехир деп аталған. Нақты туған жылы белгісіз болып саналатын Ахмет Яссауидің Жүсіп әл-Хамеданимен (өл. 535/1140-41) байланысы және оның халифасы болғанын ескеретін болсақ, 5 ғасырдың екінші жартысында (11 ғ.) дүниеге келген деуге болады. Әкесі шейх Ибрахим, Сайрамда өзінің әулиелік кереметтерімен, аңыздарымен танымал болған тұлғалардың бірі. Оның анасы Айша, Шейх Ибраһимнің халифаларының бірі Мұса Шейхтің қызы болып саналады. (Көпрүлү 1991:61-62). Имам Мұхаммед бин Әлидің ұрпақтары Сайрамда қожа деп аталғандықтан Ахмет Яссауиді Қожа Ахмет, Құл Қожа Ахмет Яссауи деп те атаған.

Шейх Ибрахимнің Гаухар Шахназ есімді қызынан кейін оның екінші баласы болып дүниеге Қожа Ахмет Яссауи келген. Ол, алдымен анасынан, содан соң әкесінен айрылады. Гаухар Шахназ көп ұзамай інісін ертіп Яссы қаласына келеді және сол жерге орналасады. Ол, алғашқы білімін осы Яссы қаласында алады. Ол өзінің жастығына қарамастан әртүрлі қырымен көзге түседі. Жас кезінен білім алып араб, парсы тілдерін және Ислам ғылымдарын меңгерген.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 27 рет