Жұма, 01 Мамыр 2026 09:17

Қазығұрт ауданында «IT Jas IQ» атты облыстық робототехника байқауы өтті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен облыстық «IT Jas IQ» робототехника байқауы өтті.

Байқауға өңірдің жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан келген 8–11 сынып оқушылары қатысып, өзара бақ сынады. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту, робототехника мен бағдарламалау саласына қызығушылығын арттыру және шығармашылық әлеуетін шыңдау. Іс-шараның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Мансия Есекеева, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай, сондай-ақ Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау FIRST LEGO League Challenge «UNEARTHED» тақырыбы аясында өткізіліп, қатысушылар мұхиттарды зерттеу, экология және археология бағытында тың идеялар мен инновациялық жобаларын ұсынды. Жарыс барысында қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті. Атап айтсақ, инновациялық жобаларын қорғады, роботтар ойынында 15 миссияны орындады, робот дизайнын таныстырды және командалық негізгі құндылықтарын көрсетті.

Командалар өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетіп, роботтарды құрастыру мен бағдарламалау бойынша ерекше шеберліктерін дәлелдеді. Нәтижесінде І орын Қазығұрт ауданы, Qazygurt командасына бұйырды. ІІ орындя Шардара ауданы, Shardara Daryn командасы иеленсе, ІІІ орын Қазығұрт ауданы, Sunkar Q командасына табысталды. Ал IV орынды Созақ ауданы, RoboSozak командасы еншіледі. Бұл байқау жас өнертапқыштардың жаңа мүмкіндіктерін ашып, техникалық білім мен инновацияға деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті. Сонымен қатар қатысушыларға тәжірибе алмасуға және өзара байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда бұл – трендтегі салалардың бірі. Мамандардың пікірінше, адам істейтін жұмыстың тең жартысын роботтар атқаратын күн де алыс емес. Сол себепті ата-аналар да балаларын ерте жастан робототехника үйірмелеріне беретін болған. Соның нәтижесінде балада креативті ойлау жүйесі, логикасы ерте жастан дамиды. Ең бастысы бұл оның болашақ мамандық түрін таңдауға да өз септігін тигізеді.

Робототехника еліміз үшін өте жас сала болып саналады. АҚШ, Германия, Жапония сияқты мемлекеттерде бұл сала ондаған жыл бойы тынымсыз еңбектің нәтижесінде жолға қойылған. Әлемде үлкен сұранысқа ие болып отырған робототехника біздің елімізде де дамып келеді. Мамандар мұнымен шұғылдану арқылы баланың ойлау қабілеті өзгеретінін айтады. Сондай-ақ түрлі роботтарды құрастырғанда олар төзімділігін және бастаған ісін соңына дейін жеткізуге машықтанады.

Робототехника роботтарды құрастырумен ғана шектелмейді. Оған қоса, қатысушылар роботтың құрылысымен, жұмысымен және қолдануымен айналысады. Бұл сала бағдарламалау, дизайнерлік білім, физика мен математиканы жетік білуді талап етеді. Пішіні әр түрлі роботтарды құрастыра отырып, олар математиканың қажет екенін түсінеді. Себебі кез келген робот қандай да бір істі өз бетімен орындау үшін оған дұрыс жазылған математикалық алгоритм, физикалық білім қажет.

Қазіргі кезде нарықта сұранысқа ие болып тұрған  робототехника жайында тақырып қозғасақ, бірден ойымызға роботтарды құрастыру түсетіні айдан анық. Алайда бұл саланың қызметі  мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Бұған қоса, оған қызығатындар роботтың құрылысымен, жұмысымен, қолдануымен айналысады. Сондай-ақ, бағдарламалау, дизайнерлік білім, физика және математиканы жетік меңгеруді талап етеді. Әр түрлі пішіндегі роботтарды құрастыру кезінде олар өмірде математиканың қаншалықты қажет екенін түсіне бастайды. Мәселен, робот қандай да бір істі өз бетімен тыңдыру үшін оған әуелі нақты дұрыс жазылған математикалық алгоритм қажет. Ал роботтың дұрыс қозғалуына физикалық білім керек. Осындай ғылым салаларының есептерін шешіп, өзі қалаған нәтижеге қолжеткізген баланың одан сайын бұған қызығушылығы артып отырады дейді мамандар. Осылайша жеткіншектер жан-жақты ізденіп, білімдерің кеңейтеді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 49 рет