Жеке инвесторлардың қолдауымен салынған жаңа нысан саябақ инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, келушілердің бос уақытын сапалы әрі мазмұнды мүмкіндік береді. Ауданы 280 м² кітапхана қоры 5 мыңнан астам әдеби, ғылыми және психологиялық бағыттағы кітаппен толықтырылған және жанында 180 м² ашық терраса орналасқан. Жоба аясында зияткерлік демалысқа да ерекше көңіл бөлініп, шахмат ойнауға арналған арнайы 50 м² аумақ қарастырылып отыр.
Сонымен қатар, нысанның ішкі кеңістігі де ыңғайлы жоспарланған. Заманауи үлгідегі нысандар қазірдің өзінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналып, ерекше қызығушылық тудыруда. Бұл жоба – мегаполистің мәдени-демалыс және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жарқын бастамалардың бірі.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат