Дүйсенбі, 15 Желтоқсан 2025 23:49

Түркістан облысы – «Ең үздік олимпиадалық команда – 2025» атанды

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңінде Түркістан облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда–2025» атағына ие болды.

2025 жылдың 9–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен байқауға еліміздің барлық өңірінен 432 оқушы қатысты. Олимпиада 7 пән бойынша, екі турда ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – ауыл оқушыларының әлеуетін ашу, дарынды жастарды қолдау және зияткерлік дамуына жағдай жасау. Нәтижесінде қатысушылардың 45%-ы жеңімпаз және жүлдегер атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Түркістан облысынан 28 оқушы қатысып, 24 оқушы жүлделі орын иеленді: I орын – 5, II орын – 6, III орын – 8, Мақтау қағазы – 5, Бұл нәтиже – ауыл мектебінің әлеуеті жоғары екенін, ұстаздар еңбегінің жемісті екенін дәлелдейді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жастарымызға толағай табыс, биік белестер тілейміз!

Осы тұста Түркістан облысының білім саласының дамуы туралы сөз ете кетсек. Түркістан облысында білім беру саласын дамыту бағытында ауқымды шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы таяуда ғана Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров баяндап, өңірде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар мен олардың нәтижелеріне тоқталған еді. Мемлекет басшысы білім мен адами капиталды дамыту – экономикалық өсудің негізгі тірегі екенін ерекше атап, осы бағыттағы нақты шараларды қолға алуды тапсырған. Сол тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында облыста білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Келешек мектептері» жобасы белсенді жүргізілуде. Жоба аясында жалпы 23 мың орындық 29 мектеп салу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 28 мектеп пайдалануға беріліп, қалған бір мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Жаңа мектептер қазіргі заманғы білім беру стандарттарына сай, оқушыларға ыңғайлы және қауіпсіз оқу ортасын қамтамасыз ететін заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Сонымен қатар, облыста жергілікті бюджет есебінен 17 мектеп салынып жатыр, оның 4-і биыл пайдалануға берілсе, қалғандары келесі жылға өтпелі. Сонымен бірге 41 мектепте реновация жұмыстары жүргізілуде, қазіргі уақытта 25 мектептің жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Білім саласындағы маңызды жаңалықтардың бірі – Түркістан қаласында Оңтүстік Кореялық «Woosong University Kazakhstan» университетінің ашылуы. Университет IT мамандарын даярлауға бағытталған және 2 мың студент қабылдау мүмкіндігіне ие. Қала әкімдігі 100 грант бөлді, қазіргі таңда 108 студент білім алуда, сонымен қатар Оңтүстік Кореядан келген 70 студент тәжірибе алмасу мақсатында оқу процесіне қатысып отыр. Мұндай бастамалар жасанды интеллект пен IT технологияларды білім беру жүйесіне интеграциялауға мүмкіндік беріп, оқушылар мен студенттердің заманауи дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасына сәйкес 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі түбегейлі жаңғыртылуда. Облыста 50 колледжде 46 мыңнан астам студент 84 мамандық бойынша білім алуда. Биыл колледжді бітірген 14 806 түлектің 79 пайызы жұмыспен қамтылып, олардың 5 мыңы – жұмысшы мамандық иелері. Жаңа оқу жылына жұмысшы мамандықтарға 9 мыңға жуық грант бөлінген.

Жоғарыда айтып өткеніміздей білім беру жүйесінде мектеп тапшылығын шешу мақсатында Президентіміздің бастамасымен «Келешек мектеп» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 23 мың орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 25 мектеп пайдалануға берілді. Қалған 4 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Жергілікті бюджеттен 17 мектеп салынуда. Жыл қорытындысымен 6 мектеп пайдалануға беріледі, қалғаны келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар 41 мектепте реновация жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 25 мектептің жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. Облыста 50 колледжде 45 мыңнан астам студент 84 мамандық бойынша білім алуда. Жаңа оқу жылына жұмысшы мамандықтарға 8 888 орын грант бөлінді. Агроөнеркәсіп, энергетика және техникалық бағыттар бойынша 5 мамандыққа тапшылық анықталды. Алдағы уақытта колледждерде өңірдің экономикалық қажеттілігіне сай жұмысшы кадрларын даярлауға бағытталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектіге Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллектті басым бағыт ретінде атап көрсетті. Білім беру саласындағы цифрландыру мен автоматтандыру – сапалы білімге қол жеткізу мен басқарудың тиімді құралына айналуда. Білім беру деңгейлері мен күнделікті көп қолданылатын ақпараттық жүйлер:

1. EGOV (электрондық үкімет порталы), АРМ ұлттық платформалар (автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер)

Мектепке 1 сыныпқа қабылдау, колледжге өтініш беру, педагог санатына өтінім беру сияқты мемлекеттік қызметтер онлайн форматта жүзеге асады. Сондай-ақ 45 тен астам білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлығы: eGov.kz (электрондық үкімет порталы), eGov mobile (мобильді қосымша), E-license.kz, E-otinish.kz сияқты платформалар арқылы автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр.

2. Ұлттық білім беру деректер базасы (НОБД)

 Барлық білім беру ұйымдарының, оқушылардың, педагогтердің, білім беру бағдарламаларының деректері енгізілген. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жүктемені бекіту процестері автоматтандырылған. Облыс бойынша 100% білім ұйымдары осы базаға қосылған (балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы мектептер, балалар үйлері және т.б.).

 3. «Ұстаз» ұлттық платформасы

Мұғалімдердің аттестаттаудан өтуін, үздіксіз кәсіби дамуын цифрландыруға бағытталған. Педагог өз жеке кабинетінде біліктілігін арттыру, портфолио енгізу, бағалау нәтижелерін қадағалау мүмкіндігіне ие.

 4. «Bilimland.kz» IT-платформасы

Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде Bilimland.kz экожүйесі аясында «BilimKlass» электронды журнал жүйесі енгізілген, 10 жылға қол қойылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты негізінде, тегін қызмет көрсетілуде). Бұл мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен қатысуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онлайн сабақтар, бейнематериалдар мен интерактив тапсырмалар қоры пайдаланылады. Облысымыздың білім саласында әр деңгейінде төмендегі ақпараттық жүйлермен жұмыс жүргізілуде:

Балабақшаларда «Tolem» ЖШС-нің Face ID электронды табелдеу құрылғылары, balabaksha.snation.kz eGov.kz электрондық үкімет порталынан түскен ата-аналардың өтінімдерін өз микроучаскелері бойынша кезекке қою, жолдама беру қызметін жүзеге асырады, мектептерде Bilimland.kz, Bilimclass.kz, OnlineMektep, iTest, Twig, mektep.snation.kz, es.edu.kz. қызметтері пайдаланылып келеді. Оқушылардың ыстық тамағына бөлінетін қаражатты басқару білім беру ұйымдарын АБК-мен (ақпараттық бағдарламалық кешен) жарақтандыру арқылы жүзеге асырылуда: Tolem, Е-асхана, «Алақан» Әлеуметтік әмиян (Соц.кошелек), Бизнес әмиян.

2025 жылғы жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептерде мемлекеттік жеңілдікпен берілетін ыстық тамақ қызметі тек «Әлеуметтік әмиян» және «Бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік әмиян (бұдан әрі – Әмиян) – жеке тұлғаның eGov Mobile қосымшасына кіріктірілген электронды әмияны, ол цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға, сондай-ақ оларды басқаруға арналған. Мысалы, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі бойынша әлеуметтік әмиян ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде алуға, балалардың мектеп асханасына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтануға арналған цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. «Бизнес әмиян» турникеттер қойылмайтын ауылдық мектептерде QR код арқылы сканерлеп есеп жүргізу. 

Колледждерде college.snation.kz, es.edu.kz., кадрлық жүйелерде jumys.snation.kz, Ustaz.orleu-edu.kz, Enbek.kz, Hr.nobd.edu.kz., қаржыландыруда: Favorit.kz, Онлайн бюджеттік мониторинг ішкі аудит департаментімен бірлескен жұмыс жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстандағы ең озық IT-платформа өкілдерімен кездесу өткізіліп, 5 бағыт бойынша платформалар пилоттық режимде тестіленуде. Пилоттық жобалар ағымдағы оқу жылының І жартыжылдығында бір рет қорытындыланып, тиімділігі айқындалады.

Осы себепті білім саласындағы цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін IT-платформаларға қойылатын талаптар жүйелі әрі нақты болуы қажет. Ол талаптарға мыналар жатқызылады:

1. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясымен сәйкестік.

2. ҚР заңнамасына сәйкестік және еліміздегі локализация.

3. ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкестік және инклюзивті мүмкіндіктері болуы тиіс.

4. Ұлттық білім платформаларымен интеграциялануы.

5. Деректерді қорғау және киберқауіпсіздік.

6. Масштабталу және тұрақтылық.

7. Қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс.

8. Мониторинг пен нақты уақыттағы аналитикалық есептер ұсынылуы.

9. Мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған құралдар.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 93 рет