Дүйсенбі, 15 Желтоқсан 2025 22:57

Түркістан облысы: AI көмегімен 3D модельдеу және тігін шеберханасымен интеграцияланған жаңа оқу жобасы іске қосылды

Қазіргі заманғы білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырумен қатар, нақты өндірістік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта № 34 жалпы білім беретін мектебінде AI көмегімен 3D модельдеу және тігін шеберханасымен интеграцияланған жаңа оқу жобасы іске қосылды.

Жоба аясында оқушылар жасанды интеллектті пайдаланып киім бөлшектерінің 3D моделін әзірлейді. Арнайы бағдарламалар арқылы дайындалған сандық макеттер 3D принтерге жіберіліп, одан лекалолар мен трафареттер басып шығарылады. Бұл әдіс дәстүрлі лекало дайындау процесін жеңілдетіп қана қоймай, оны әлдеқайда дәл әрі тиімді етеді. Алынған 3D трафареттер көркем еңбек сабағында үлгі ретінде қолданылады, оқушылар бұйымның құрылымын, пішімін және өлшемдік пропорцияларын тереңірек түсінеді. Кейін осы трафареттер тігін шеберханасына жіберіліп, оқушылар нақты матадан дайын бұйымдарды тігуге кіріседі.

Жоба мақсаты – цифрлық технологияларды тәжірибелік оқытумен байланыстыра отырып, оқушылардың дизайнерлік ойлауын, инженерлік дағдыларын және тігін ісіне қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқушыларды заманауи өндіріс стандарттарымен таныстырып, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға ықпал етеді. Бұл бастама болашақта мектептің STEAM бағытындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, оқушыларды жаңа технологиялармен жұмыс істеуге ынталандыратынына сенім мол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектіге Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллектті басым бағыт ретінде атап көрсетті. Білім беру саласындағы цифрландыру мен автоматтандыру – сапалы білімге қол жеткізу мен басқарудың тиімді құралына айналуда.Білім беру деңгейлері мен күнделікті көп қолданылатын ақпараттық жүйлер:

1. EGOV (электрондық үкімет порталы), АРМ ұлттық платформалар (автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер).

Мектепке 1 сыныпқа қабылдау, колледжге өтініш беру, педагог санатына өтінім беру сияқты мемлекеттік қызметтер онлайн форматта жүзеге асады. Сондай-ақ 45 тен астам білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлығы: eGov.kz (электрондық үкімет порталы), eGov mobile (мобильді қосымша), E-license.kz, E-otinish.kz сияқты платформалар арқылы автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр.

2. Ұлттық білім беру деректер базасы (НОБД)

 Барлық білім беру ұйымдарының, оқушылардың, педагогтердің, білім беру бағдарламаларының деректері енгізілген. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жүктемені бекіту процестері автоматтандырылған. Облыс бойынша 100% білім ұйымдары осы базаға қосылған (балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы мектептер, балалар үйлері және т.б.).

 3. «Ұстаз» ұлттық платформасы

Мұғалімдердің аттестаттаудан өтуін, үздіксіз кәсіби дамуын цифрландыруға бағытталған. Педагог өз жеке кабинетінде біліктілігін арттыру, портфолио енгізу, бағалау нәтижелерін қадағалау мүмкіндігіне ие.

 4. «Bilimland.kz» IT-платформасы

Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде Bilimland.kz экожүйесі аясында «BilimKlass» электронды журнал жүйесі енгізілген, 10 жылға қол қойылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты негізінде, тегін қызмет көрсетілуде). Бұл мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен қатысуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онлайн сабақтар, бейнематериалдар мен интерактив тапсырмалар қоры пайдаланылады. Облысымыздың білім саласында әр деңгейінде төмендегі ақпараттық жүйлермен жұмыс жүргізілуде:

Балабақшаларда «Tolem» ЖШС-нің Face ID электронды табелдеу құрылғылары, balabaksha.snation.kz eGov.kz электрондық үкімет порталынан түскен ата-аналардың өтінімдерін өз микроучаскелері бойынша кезекке қою, жолдама беру қызметін жүзеге асырады, мектептерде Bilimland.kz, Bilimclass.kz, OnlineMektep, iTest, Twig, mektep.snation.kz, es.edu.kz. қызметтері пайдаланылып келеді. Оқушылардың ыстық тамағына бөлінетін қаражатты басқару білім беру ұйымдарын АБК-мен (ақпараттық бағдарламалық кешен) жарақтандыру арқылы жүзеге асырылуда: Tolem, Е-асхана, «Алақан» Әлеуметтік әмиян (Соц.кошелек), Бизнес әмиян.

2025 жылғы жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептерде мемлекеттік жеңілдікпен берілетін ыстық тамақ қызметі тек «Әлеуметтік әмиян» және «Бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік әмиян (бұдан әрі – Әмиян) – жеке тұлғаның eGov Mobile қосымшасына кіріктірілген электронды әмияны, ол цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға, сондай-ақ оларды басқаруға арналған. Мысалы, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі бойынша әлеуметтік әмиян ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде алуға, балалардың мектеп асханасына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтануға арналған цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. «Бизнес әмиян» турникеттер қойылмайтын ауылдық мектептерде QR код арқылы сканерлеп есеп жүргізу. 

Колледждерде college.snation.kz, es.edu.kz., кадрлық жүйелерде jumys.snation.kz, Ustaz.orleu-edu.kz, Enbek.kz, Hr.nobd.edu.kz., қаржыландыруда: Favorit.kz, Онлайн бюджеттік мониторинг ішкі аудит департаментімен бірлескен жұмыс жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстандағы ең озық IT-платформа өкілдерімен кездесу өткізіліп, 5 бағыт бойынша платформалар пилоттық режимде тестіленуде. Пилоттық жобалар ағымдағы оқу жылының І жартыжылдығында бір рет қорытындыланып, тиімділігі айқындалады.

Білім-жасанды интеллект (AI) трансформацияның маңызды әлеуетін көрсететін негізгі салалардың бірі. AI жүйелері оқуды жекелендіре алады, әкімшілік тапсырмаларды автоматтандырады және білімді бағалаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап беру үшін жаңа технологияларды пайдалану жолдарын іздеуде. Әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) секілді заманауи технологиялар білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерді қалыптастыруда. Жасанды интеллект білім жүйесін жаңарту мен жетілдіруде, оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделген оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін енгізуде маңызды рөл атқарады.

Білім берудегі жасанды интеллект туралы кеңірек айтар болсақ, алдымен білім берудегі жасанды интеллект дегеніміз не және осы салаға қандай технологиялық компоненттер кіретінін анықтау керек дейді мамандар. Көптеген зерттеушілер әртүрлі аспектілерге, соның ішінде машиналық оқытуға, нейрондық желілерге және деректерді өндіруге, олардың студенттердің қажеттіліктеріне бейімделе алатын интеллектуалды жүйелерді құрудағы рөліне назар аударады.  Білім берудегі жасанды интеллект анықтамасы оқу процесін жақсарту және білім беру мүмкіндіктерін байыту үшін адамның интеллектіне еліктеп, арттыруға арналған технологиялық әдістер мен жүйелерді пайдалануды қамтиды. Білім берудегі жасанды интеллект әдетте келесі аспектілерді қамтиды:

Machine Learning: Бұл компьютерлік жүйелерге деректер мен тәжірибені талдау арқылы бейімделуге және жақсартуға мүмкіндік беретін ЖИ бөлімшесі. Білім беруде машиналық оқытуды әр оқушының қажеттіліктері мен оқу стиліне жауап беретін бейімделген оқыту платформаларын жасау үшін пайдалануға болады.

Нейрондық желілер: ЖИ-дегі нейрондық желілер мидың құрылымы мен қызметін модельдейді, жүйелерге үлгілерді тануға, мәтінді талдауға және шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Білім беруде оларды дауысты, мәтінді және кескінді тану үшін қосымшаларды жасау үшін, сондай-ақ жекелендірілген оқыту үшін пайдалануға болады.

Деректерді талдау: ЖИ үлгілер мен трендтерді анықтау үшін деректердің үлкен көлемін талдау жолдарын қамтиды. Білім беруде деректерді талдау оқушылардың үлгерімін бағалау, оқу қажеттіліктерін болжау және оқу бағдарламасын оңтайландыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Робототехника және автоматтандыру: ЖИ пайдаланатын робототехника студенттерге ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларындағы дағдыларды дамытуға көмектесетін білім беру роботтарын жасау сияқты білім беру мақсаттарында жүзеге асырылуы мүмкін.

Виртуалды көмекшілер және білім беру қолданбалары: ЖИ ақпаратты, оқу материалдарын және тапсырмаларды қамтамасыз ету арқылы студенттерге оқу процесінде көмектесетін виртуалды мұғалімдер мен білім беру қолданбаларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Білім берудегі жасанды интеллект оқу процесін қол жетімді, жекелендірілген, интерактивті және тиімді ету арқылы жақсартуға бағытталған. Ол мұғалімдерге, студенттерге және оқу орындарына жылдам өзгеретін цифрлық дәуірге бейімделуге көмектеседі және білім сапасын келесі деңгейге көтереді.

Әлемдік тәжірибеде жасанды ин­тел­лект адамдардың өмірін айтар­лықтай өзгерткенін көптеген табыс­ты IT-жобадан білеміз. Бір ғана мысал, Оңтүстік Кореяда роботтар оқу­шы­ларға ағылшын тілін үйрете бастады. Интеллектуалды чат-бот қосымша оқушылармен түрлі тақы­рыптар бойынша пікірталастар мен әңгімелерге қатысуға мүмкіндік бере­ді. Бұл олардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға бағыт­талған. Жалпы білім саласында жа­санды интеллект мүмкіндіктерін пай­далануда АҚШ, Қытай, Сингапур жетекші елдер көш бастауда. Дегенмен басқа да көптеген ел бұл салада бел­сенділік танытып, білім беруді жақ­сартуға ұмтылуда. Қазақстандағы білім беру саласына жасанды интеллектіні ендіру қарқынды даму үстінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыр­күйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында цифрландырудың стра­те­гия­лық маңыздылығын атап өтіп, ақпараттық технологияларды енгізу арқылы IT секторында жасанды интеллект (AI) технологиялары бойын­ша жетекші ел болу міндетін алға қойған еді. Жасанды интеллект білім беру саласында күн сайын маңызды рөл атқарып, білім мен оқытуға деген көзқарасты түбегейлі өзгерте алатын перспективаларды ұсынуда. Қазіргі тенденцияларды талдай отырып, жа­санды интеллект әкімшілік тапсыр­маларды автоматтандырып ғана қой­май, сонымен қатар білім беру бағ­дарламаларын әрбір оқушының, сту­денттің қабілетіне сай бейімделуін қамтамасыз етіп, оқытудың жаңа мүмкіндіктерін жасайды деп айту­ға болады. Машиналық оқыту алго­ритмдерін пайдалану арқылы үлкен деректерді талдай отырып, білім дең­гейінің әлсіз жақтарын анықтап, оқытудың ең тиімді әдістерін ұсына алады.

Бүгінде өмірдің барлық салаларында роботтандыру және автоматтандыру үрдісі жүріп жатыр. Өткен жылдан бастап біз жаңа дәуірге - жасанды интеллект дәуіріне кірдік, ол бұл үдерісті айтарлықтай жеделдетті. Мектептер гаджеттер мен ChatGPT қолдануға тыйым салуға белсенді түрде тырысуда. Бірақ менің ойымша, қазіргі адам үшін оның телефоны — бұл жай ғана құрылғы емес, бұл оның сезім ағзаларының жалғасы, оның ажырамас бөлігі. Жасанды интеллект жақын арада біздің өмірімізге тығыз енеді. Сондықтан болашақ білім беру АИ-мен тығыз байланысты болады. Бұл өз кезегінде оқу процесін айтарлықтай өзгертеді. Әдебиет, музыка, STEM-пәндер сияқты барлық дерлік мектеп пәндері үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектептер де, мемлекет те бұған дайын болуы тиіс. Meta Platforms сияқты компаниялар әлемнің үздік мамандарын жинайды. Олар адамның психологиясын зерттейді және үнемі әлеуметтік желілерде болуға мәжбүр ететін өнімдерді жасайды. Оған көбінесе балалар ұшырайды.

Жасанды интеллект оқушының қабі­летіне қарай бағдарламаны бейім­деуге, әкім­шілік тапсырмаларды автомат­тандыруға, баға­лауды жақсартуға және академиялық өнімділікті болжауға көмек­теседі. Дегенмен білім беру жүйесіне жасанды интелектті енгізу белгілі бір қиындықтарды да туды­рады. Олардың бірі – деректердің құпия­лылығын қамта­масыз ету және жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану бары­сында эти­калық дилеммаларды шешу қажет­тілігі. Негізгі мәселенің бірі – цифрлық теңсіздік. Бұл – өңірлер мен оқу орындары арасындағы ресурстардың айырмашылығы яғни жаңа технологиялармен қамтыл­мауы. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі ескіріп, жаңа технологиялармен жұмыс істеу үшін қайта даярлау қажеттігі туындап отыр. Бұл де­ректермен және алгоритмдермен жұмыс істеу негіздерін білуді ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект технологияларына байланысты ықтимал тәуекелдер мен шек­теулерді түсінуді де қамтиды.

Жалпы, жасанды интеллект Қазақстан­ның білім беру жүйесіндегі сапалы өзге­ріс­тердің катализаторы болу әлеуеті бар, бұл оқушылардың сыни ойлау дағдыларын, бейімділік пен шығармашылықты дамыту­ға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде XXI ғасыр сын-қатерлеріне дайын анағұрлым инновациялық экономика мен қоғамды құруға көмектесе­ді. Дегенмен бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін технологиялық инновациялардың, білікті мамандардың және оқу процесінде жасан­ды интеллектті пайдалануды реттейтін нақты этикалық негіздің үйлесімі қажет. Жасанды интеллект білім беруде өте пайдалы, өйткені жасанды ин­теллект әрбір оқушының қабілеті мен стиліне сай оқуға көмектесе отырып, қол­дау көрсетеді. Сондай-ақ мұғалімдердің жүктемесін азайту арқылы күнделікті тап­сырмаларды автоматтандыруға және оқушылардың үлгерімі туралы нақты мәлімет беруге қабілетті. Жасанды интеллект оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне сай оқу материалдарын бейімдей алады, бұл білім беруді одан сайын қолжетімді және тиімді етеді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 93 рет