Сейсенбі, 20 Мамыр 2025 11:52

Созақ ауданының орталығында жаңа кітапхананың құрылысы басталды

Аудан орталығында мәдениеттің маңызды ордасына айналатын жаңа кітапхана ғимаратының құрылысы басталды. Заманауи талаптарға сай жабдықталатын кітапханада оқу залдары, ақпараттық ресурстар орталығы, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бөлімдер қарастырылған.

Құрылыс алаңының жалпы аумағы – 2 536, ғимараттың өзі – 496 шаршы метрді құрайды. Асфальтталған жолдар, жасыл аймақтар, көгалдандыру жұмыстары мен жарықтандыру жүйелері де жобада толық қамтылған. Кітапханаға кіреберіс алаң және автотұрақ орындары қарастырылған. Жоба климаттық және сейсмикалық жағдайлар ескеріле отырып жасалған.

Құрылыс алаңына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жауапты мамандарға нысанның сапасына қатысты талаптарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, аудан басшысы Шолаққорған ауылындағы ішкі көшелерде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың барысымен танысты. Орталық маңызы бар С. Қожанов және Жібек жолы көшелерін аралап, кешенді жөндеу және абаттандыру жұмыстарының сапасын жіті бақылады.

Шымкент бағытынан кіреберіс Ерімбетов көшесінен бастап жаңадан төселген аяқжолмен жүріп өтіп, сапасына назар аударды. Сондай-ақ, Шолаққорған–Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағында болып, отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйімен танысты. Өнімділігін арттыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Кітап, кітапхана демекші, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақты кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Жастарды кітап оқуға тарта отырып, қоғамды тәрбиелейміз» деген болатын.

Иә, расында кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтан да болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екені айтпаса да түсінікті.

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке қарай, көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі.

Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата-аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес.

Қазіргі уақытта оқырманның көбі оқуға қажетті кітаптарды интернеттен іздеп, алдын ала шағын мазмұнымен танысып алып немесе белгілі бір салада тәжірибесі бар адамның кеңесімен оқып жатады. Бұл – бірден-бір дұрыс шешім. Өйткені бүгінде нөпір жазбаның және видео контенттің ішінде өмір сүріп жатырмыз. Кітап оқуда тәжірибесі қалыптаспаған адамға оқуға ұсынылған кітаптарды негізге алғаны дұрыс. Екінші жағынан, бұрындары кітап оқу сергудің, мәдениет қалыптастырудың бірегей және басты белгісі болса, бүгінде оның баламалары көбейді.

Қазақтың ұлы жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – дегені белгілі. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.

Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда, тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Ал тағы бір кітап оқудың маңызды жағы…:Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады.

Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады. Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз — егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі.

Кітап оқыған сайын жақсылық пен жамандықты айыртып, жаратылыстың тылсым сыры мен қырына қанықтырып, өмірдегі адамзат өмірінің мəніне бойлатады. Өзіңе және айналаңа құрмет қарауға үйретеді. Қоғамда өз орныңды табуға, яки өмір сүрудің мəні мен мағынасын екшеп, тіршілік тізгінін өз қолыңа алуға үйретеді. Кітапты көп оқу адамда салихалық әрі көркем көрегендік қадір-қасиеттерді арттыра түседі. Оқумен санаға сіңіру мәдениеттілік пен парасаттылыққа алып келеді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 13 рет