Super User

Super User

Созақ ауданы: Тасты ауылдық округінде алда атқарылар жобалар таныстырылды

Кеше Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Тасты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жүзеге асырылатын жобалар мен атқарылатын жұмыстар жайында жан-жақты баяндады.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ГРАНТ АЛЫП, ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін Мемлекеттік гранттар беру қолға алынғалы бері ауданымыздағы бірқатар тұрғындар осы қолдауға қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетуде.

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбек, республикалық конкурстардың жүлдегері Айғаным Шұғай және ҚР Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан қатысты.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXXIV СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келелі ойлар қозғап, аймақтардан барған спикерлер де маңызды баяндамалар жасады.

Іс-шараға Түркістан облысының делегациясы да белсенді түрде қатысты. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған әкімдік өкілдері, мәслихат депутаттары, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың басшылары және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі бар.

Сессия аясында қатысушылар ел бірлігін нығайту, этносаралық келісімді сақтау және Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі маңызын талқылады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Осы RSS каналға жазылу